Зеренді аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 13-95 "Зеренді ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидаларын бекiту туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 2025 жылғы 25 шілдедегі № 33-247 шешімі

      Зеренді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Зеренді аудандық мәслихатының "Зеренді ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 13-95 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8684-03 болып тіркелген) шешіміне келесі толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:

      6 -тармақ келесі мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:

      "11) 1 маусым – Балаларды қорғау күні.";

      10 - тармақ келесі мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:

      "11) 1 маусым – Балаларды қорғау күніне:

      он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.";

      15) тармақшаның 11 тармағы келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "11-тармақтың 15) тармақшасы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап туындайтын құқықтық қатынастарға таралады;";

      11-тармақ келесі мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын:

      "16) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға гемодиализ алу кезеңінде жол жүруге ай сайын 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат төрағасы Р.Ғабдуллина

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады