Зеренді ауданында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар cанаттарының тізбесін айқындау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 2025 жылғы 30 маусымдағы № 31-237 шешімі

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 бұйрығымен бекітілген тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларының 4-тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18883 тіркелген) сәйкес, Зеренді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Зеренді ауданында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар cанаттарының тізбесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың төрағасы Р.Ғабдуллина

 
  Зеренді аудандық мәслихатының
2025 жылғы 30 маусымдағы
№ 31-237 шешіміне
қосымша

Зеренді ауданында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесі

      1. Тұрғын үй сертификатының мөлшері:

      1) 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңге әлеуметтік көмек ретінде.

      2. Зеренді ауданында тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесі:

      1) мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;

      2) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар;

      3) бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар;

      4) кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзімді әскери қызметтен өту мерзіміне ұзартылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады