Жарқайың ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жарқайың ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы" Жарқайың ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 27 қарашадағы № А-11/388 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8859-03 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының кіріспесі жаңа редакцияда баяндалсын:
"Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 600-бабының 6-тармағына сәйкес Жарқайың ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жарқайың ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | Е.Жүсіпбеков |
