"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес, Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Аудандық коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттарды айқындау туралы" Есіл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 30 наурыздағы № а-3/116 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5326 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Есіл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Есіл ауданының әкімі | С.Балжанов |
