Қоғамдық жұмыстардың түрлерін анықтау және қоғамдық жұмыстар орындалуы тиіс ұйымдардың тізімі туралы

Жаңа

Ақмола облысы Бұланды ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 23 қыркүйектегі № А-09/243 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Бұланды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес қоғамдық жұмыстардың түрлері айқындалсын.

      2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес қоғамдық жұмыстар атқарылуы тиіс ұйымдардың тізбесі айқындалсын.

      3. "Макинск қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және ауылдық округтердің әкімдері Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен әкімшілік жазаға тартылған адамдардың қоғамдық жұмыстарға тартуын ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдасын.

      4. "Бұланды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі әкiмшiлiк жазаға тартылған адамдардың қоғамдық жұмыстарды атқаруын бақылауды және есепке алуды жүзеге асырсын.

      5. Осы қаулының орындалуын қадағалау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А.Смаилов

  Бұланды ауданы әкімдігінің
2025 жылғы 23 қыркүйектегі
№ А-09/243 қаулысына
1-қосымша

Қоғамдық жұмыстардың түрлері

Қоғамдық жұмыстардың түрлері

1

Аудандарды, көшелер мен алаңдарды абаттандыру, тазалау және көгалдандыру

2

Ағаштар, бұталар мен бұтақтарды кесу

3

Ағаштарды, бұталарды және гүл көшеттерін отырғызу және арамшөптерден тазарту

4

Аялдама аумақтарын абаттандыру және тазалау

5

Тротуарлар мен жүретін жолдарды абаттандыру кезіндегі қосалқы жұмыстар

6

Жолды жақсарту элементтерін бояу

7

Жол техникасы қол жетпейтін жерлерде жол төсемдерін тазалау

8

Спорт және ойын алаңдарын абаттандыру

9

Арнайы кәсіби дайындықты қажет етпейтін басқа жұмыстар

10

Әкімдер аппараттарына іргелес аумақтардағы қосалқы жұмыстар

 
  Бұланды ауданы әкімдігінің
2025 жылғы 23 қыркүйектегі
№ А-09/243 қаулысына
2-қосымша

Қоғамдық жұмыстар атқарылуы тиіс мекемелердің тізімі

Ұйымның атауы

1

"Макинск қаласы әкімінің аппараты" Мемлекеттік мекемесі

2

"Алтынды ауылдық округі әкімінің аппараты" Мемлекеттік мекемесі

3

"Амангелді ауылдық округі әкімінің аппараты" Мемлекеттік мекемесі

4

"Вознесенка ауылдық округі әкімінің аппараты" Мемлекеттік мекемесі

5

"Ерголка ауылдық округі әкімінің аппараты" Мемлекеттік мекемесі

6

"Журавлевка ауылдық округі әкімінің аппараты" Мемлекеттік мекемесі

7

"Капитоновка ауылдық округі әкімінің аппараты" Мемлекеттік мекемесі

8

"Қарамышевка ауылдық округі әкімінің аппараты" Мемлекеттік мекемесі

9

"Қараөзек ауылдық округі әкімінің аппараты" Мемлекеттік мекемесі

10

"Никольск ауылдық округі әкімінің аппараты" Мемлекеттік мекемесі

11

"Новобратск ауылдық округі әкімінің аппараты" Мемлекеттік мекемесі

12

Никольск ауылдық округі, "ОксАл" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

13

Новобратский ауылдық округі, "Новобратское" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ауыл шаруашылыгы кәсіпорны

14

Ергольский ауылдық округі, "Зеленый луг" шаруа қожалығы

15

Алтынды ауылдық округі "Даниловское и К" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

16

Карамышевка ауылдық округі, "Шарипов" шаруа қожалығы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады