Астрахан аудандық мәслихатаның 2025 жылғы 28 наурыздағы № 8С-34-5 "Астрахан ауданы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 2025 жылғы 4 желтоқсандағы № 8С-44-16 шешімі

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және аудан әкімінің 2025 жылғы 3 желтоқсандағы № 07/641 хатына сәйкес, Астрахан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Астрахан аудандық мәслихатаның 2025 жылғы 28 наурыздағы №8С-34-5 "Астрахан ауданы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия бекіту туралы" шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      -көрсетілген қаулының 1- қосымшасы жаңа редакцияда жазылсын.;

      2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Астрахан аудандық мәслихатының төрағасы М.Қожахмет

 
  Астрахан аудандық
мәслихатының
2025 жылғы 4 желтоқсандағы
№ 8С-44-16 шешіміне
1 қосымша

Астрахан ауданы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия құрамы

Ерсейітов Талғат Аманбайұлы

Астрахан ауданының әкімі, комиссия төрағасы

Барахоева Полина Юнусовна

Астрахан ауданы әкімінің орынбасары, төрағаның орынбасары

Ажикова Тамила Айтмағамбетқызы

"Астрахан ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы, комиссия хатшысы

Мұқанов Руслан Жақсылықұлы

Астрахан ауданы әкімінің орынбасары

Орынбай Әділхан Олжабайұлы

Астрахан ауданы әкімі аппаратының басшысы

Жапаров Дархан Нұрланұлы

"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының полиция департаменті Астрахан ауданының полиция бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы (келісу бойынша)

Мұхамеджанова Айнұр Қаршығақызы

"Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы
(келісу бойынша)

Потапчук Светлана Николаевна

Астрахан ауданының "Ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы

Мұхаметжанов Сағынтай Гелманұлы

"Астрахан ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекеменің басшысы

Қалабаев Қайрат Сабыржанұлы

"Астрахан ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы

Оспанова Ғалия Егімбайқызы

Астрахан ауданының "Экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы

Вереина Светлана Геннадиевна

Астрахан ауданының "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы

Ибрахим Диас Нұрланұлы

"Астрахан ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы

Жазина Гүлмира Амангелдіқызы

"Астрахан ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы

Шевченко Кристина Валентиновна

"Астрахан ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметтер көрсетуді талдау және ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы

Жакенова Зарина Мағайқызы

Астрахан ауданының ішкі саясат бөлімі жанындағы "Астрахан ауданының жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады