"Сайлау учаскелерін құру туралы" Астрахан ауданы әкімінің 2021 жылғы 27 сәуірдегі № 5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Астрахан ауданы әкімінің 2025 жылғы 11 желтоқсандағы № 11 шешімі

      Астрахан ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Сайлау учаскелерін құру туралы" Астрахан ауданы әкімінің 2021 жылғы 27 сәуірдегі № 5 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8449 тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасында:

      № 177, № 184 сайлау учаскелері жаңа редакцияда жазылсын:

      "№ 177 сайлау учаскесі

      Учаскенің орналасқан жері: Зеленое ауылы, Молодежная көшесі, 21, "Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Зеленое ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекаралары: Зеленое ауылының аумағы, Шілікті ауылының аумағы".

      "№ 184 сайлау учаскесі

      Учаскенің орналасқан жері: Колутон ауылы, Кенесары көшесі, 12, "Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Колутон ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      Шекаралары: Колутон ауылының аумағы, Бірлік ауылының аумағы".

      № 176, №183 сайлау учаскелері алынып тасталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Астрахан ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Т. Ерсейітов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Астрахан аудандық

      аумақтық сайлау комиссиясы

      ______________ Б. Сағынаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады