Аршалы ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимі бойынша салықтар мөлшерлемесін төмендету туралы

Жаңа

Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 21 қарашадағы № 43/2 шешімі

      Ескерту. 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі – осы шешімнің 2-тармағымен.

      Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 726-бабына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жеңілдетілген декларация негізінде арнайы салық режимі бойынша Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 726-бабының бірінші бөлігінде белгіленген мөлшерлеменің мөлшері Аршалы ауданының аумағында 4% - дан 2% - ға дейін төмендетілсін.

      2. Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Аудандық мәслихатының төрағасы Ә.Балташев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады