Қоғамдық жұмыстардың түрлерін және қоғамдық жұмыстар атқарылуы тиіс ұйымдардың тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 17 қыркүйектегі № А-9/307 қаулысы. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 8 қазандағы № А-10/342 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімдігінің 08.10.2025 № А-10/342 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес қоғамдық жұмыстардың тізбесі мен түрлері бекітілсін.

      2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес қоғамдық жұмыстардың орындалуға тиіс ұйымдардың тізбесі айқындалсын.

      3. "Степногорск қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында айқындалатын тәртіппен әкімшілік жазаға тартылған адамдардың қоғамдық жұмыстарды орындауын ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдансын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Г.Қасенов

 
  Степногорск қаласы әкімдігінің
2025 жылғы "17" қыркүйектегі
№ А-9/307 қаулысына
1-қосымша

Қоғамдық жұмыстардың тізбесі мен түрлері

№ р/с

Қоғамдық жұмыстардың түрлері

1

Аумақтарды, көшелерді, алаңдарды, спорт, балалар алаңдарын және автобус аялдамаларын абаттандыру, тазалау

2

Жол техникасына қол жетпейтін жерлерде жол жабындарын тазалау

3

Тротуарлар мен өту жолдарын абаттандыру кезіндегі қосалқы жұмыстар

4

Элементтерді бояу, жолдарды абаттандыру

5

Ағаштардың, бұталардың және гүл көшеттерінің көшеттерін көгалдандыру, отырғызу және жұлу

6

Ағаштар мен бұталарды кесу, бұтақтарды кесу

7

Қаланың кәсiпорындары мен ұйымдарындағы қосалқы жұмыстар

8

Арнайы кәсіптік даярлауды талап етпейтін басқа да жұмыс түрлері

 
  Степногорск қаласы әкімдігінің
  2025 жылғы "17" қыркүйектегі
№ А-9/307 қаулысына
2-қосымша

Қоғамдық жұмыстардың орындалуға тиісті ұйымдардың тізбесі

№ р/с

Ұйымның атауы

1

"ARB-СпецМонтаж" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

2

"Степногорск қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі жанындағы "Степногорск-водоканал" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады