"2025 қаржы жылына арналған бюджетті атқару және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 30 маусымдағы № 272 бұйрығына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес облыстық бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесі айқындалсын.
2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Ақмола облысы әкімдігі қаулыларының күші жойылды деп танылсын
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Ақмола облысы әкімінің міндетін атқарушы | Е. Рамазанов |
| Акмола облысы әкімдігінің 2025 жылғы 4 желтоқсандағы № А-12/637 қаулысына 1-қосымша |
Облыстық бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесі
1. Облыстың жергілікті атқарушы органының борыштық міндеттемелерін өтеу және оларға қызмет көрсету бойынша төлемдер, жоғары тұрған бюджетке трансферттерді, жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтік төлемдерді қайтару, жалақыны және басқа да ақшалай төлемдерді төлеу, оның ішінде штаттан тыс техникалық персоналдың жалақысы және жалақыдан барлық ұстап қалулар, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген ақшалай өтемақылар, алименттер, міндетті зейнетақы төлемдері жарналар, кәсіптік және ерікті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға, тұрғын үй төлемдеріне, жеке тұлғаларға трансферттерге, стипендияларға аударымдар және (немесе) жарналар, банк қызметтеріне ақы төлеу, бюджеттік субвенциялар мен субсидиялар, салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер.
2. Мынадай бағыттар бойынша шығыстар: тамақтандыруды ұйымдастыру және тамақ өнімдерін сатып алу жөніндегі қызметтер, дәрілік заттарды, киім-кешек пен отынды сатып алу (ғимараттарды жылыту бөлігінде), коммуналдық қызметтер, байланыс қызметтері, көлік қызметтері, іссапар және қызметтік сапарлар, атқарушылық құжаттар мен сот актілерін орындау, сондай-ақ пайда болған жағдайда төлемдерді (жүргізу, жүзеге асыру) әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар және олардың салдары.
| Акмола облысы әкімдігің 2025 жылғы 4 желтоқсандағы № А-12/637 қаулысына 2-қосымша |
Ақмола облысы әкімдігінің күші жойылды деп танылған кейбір қаулыларының тізбесі
1. "Облыстық бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесін анықтау туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 9 маусымдағы № А-7/266 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5439 болып тіркелген).
2. "Облыстық бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесін анықтау туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 9 маусымдағы № А-7/266 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2018 жылғы 2 мамырдағы № А-5/198 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6627 болып тіркелген).
3. "Облыстық бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесін анықтау туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 9 маусымдағы № А-7/266 қаулысына өзгерістер енгізу туралы "Ақмола облысы әкімдігінің 2019 жылғы 12 сәуірдегі № А-4/165 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7136 болып тіркелген).
4. "Облыстық бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесін анықтау туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 9 маусымдағы № А-7/266 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № А-4/164 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7780 болып тіркелген).
