"Ақмола облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы" Ақмола облыстық мәслихатының 2024 жылғы 27 маусымдағы № 8С-11-10 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облыстық мәслихатының 2025 жылғы 19 қыркүйектегі № 8С-22-5 қаулысы

      Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Ақмола облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы" Ақмола облыстық мәслихатының 2024 жылғы 27 маусымдағы № 8С-11-10 шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасында:

      реттік нөмірі 1-жолы жаңа редакцияда жазылсын:

      "

1.

Ювенильдік идиопатиялық артрит

Динамикалық байқауда тұрған 18 жасқа дейінгі балалар

Белсенді фазада
дәстүрлі терапияға толық жауап бермейтін
Сараптама комиссиясының қорытындысы бойынша

Адалимумаб, инъекцияға арналған ерітінді

Тоцилизумаб, инфузиялық ерітіндіні жасауға арналған қоспа

Голимумаб, инъекцияға арналған ерітінді

Секукинумаб, тері астына енгізуге арналған ерітінді

Тофацитиниб, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар

Анакинра, инъекцияға арналған ерітінді

      ";

      келесі мазмұндағы реттік нөмірі 13 алынып тасталсын;

      реттік нөмірі 20-жолы жаңа редакцияда жазылсын:

      "

20.

Балалардағы қысқа ішек синдромы

3 жасқа дейінгі балалар

Облыстық және одан жоғары деңгейдегі дәрігердің тағайындауы бойынша

Мамандандырылған емдік өнімдер (энтеральді, парентеральді тамақтану) медициналық бұйымдар мен дәрілік заттар

      ";

      келесі мазмұндағы реттік нөмірі 22-жолымен толықтырылсын:

      "

22.

Нейрофиброматоз

Динамикалық байқауда тұрған 18 жасқа дейінгі балалар

Сараптама комиссиясының қорытындысы бойынша

Селуметиниб, таблетка

      ";

      келесі мазмұндағы реттік нөмірі 23-жолымен толықтырылсын:

      "

23.

Ахондроплазия

Динамикалық байқауда тұрған 18 жасқа дейінгі балалар

Сараптама комиссиясының қорытындысы бойынша

Восоритид, инъекцияға арналған ерітінді

      ";

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы Б.Жүсіпов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Ақмола облысының денсаулық
сақтау басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Н.Ермек

      2025 жылғы "_19_" қыркүйек

      "Ақмола облысының
экономика және бюджеттік
жоспарлау басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
А.Шүгірмақова

  2025 жылғы "_19_" қыркүйек

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады