"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақмола облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
"Облыстық коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау бойынша өлшемдерді айқындау туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 19 қазандағы № А-10/466 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5075 болып тіркелген);
"Облыстық коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау бойынша өлшемдерді айқындау туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 19 қазандағы № А-10/466 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 28 наурыздағы № А-5/133 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5324 болып тіркелген).
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облысы әкімінің міндетін атқарушы | Е.Рамазанов |