"Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 5-тармағының 6-2) тармақшасына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақмола облысы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және тұрғын үй көмегін алушылар үшін тауарлық газды тұтыну нормалары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Ақмола облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облысы әкімінің міндетін атқарушы | Е.Рамазанов |
Ақмола облысы әкімдігінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № А-6/340 қаулысына қосымша |
Ақмола облысы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және тұрғын үй көмегін алушылар үшін тауарлық газды тұтыну нормалары
№ | Тауарлық газды тұтыну сипаттамасы |
Жылыту маусымындағы айлық норма |
Жылыту маусымынан тыс айлық норма |
1 | Жылыту қазандығы, газ плитасы және су жылытқышы бар үй шаруашылығы | 907 | 148 |