БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жеке құрамын есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 25 қарашадағы № 1123 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30766 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жеке құрамын есепке алу қағидаларында:
95-тармақтың он төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қызметтік тізімнің 10-тармағында:
әскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлықты мамандандырылған білім беру ұйымдарында оқуда болғаны туралы, сондай-ақ қолданыстағы заңнамаға сәйкес ҚР ҚМ тарапынан шығарылған әскери қызметшілерге тағайындалатын зейнетақыға еңбек сіңірген жылдарында есептелмейтін кезең туралы;
офицерлер құрамы әскери қызметшілерінің атқарып отырған лауазымынан босатусыз қайта даярлау мен білімін жетілдіру курсында оқуда болғаны туралы;
әскери оқу орындарында оқу кезеңінде бір курстан екіншісіне ауысқаны туралы мәліметтер жазылмауға тиіс.".
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 472 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33059 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiн жүргiзу қағидалары 10-тармағының талаптарына сәйкес қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.
4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты |
Д. Қосанов |
