БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мүддесінде мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастырған және мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Бас штабы және Қарулы Күштері құрылымдық бөлімшелерінің өзара іс-қимылы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 18 тамыздағы № 684 бұйрығына (бұдан әрі – Бұйрық) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастырған кезде Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Бас штабы және Қарулы Күштері құрылымдық бөлімшелерінің өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастырған кезде Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Бас штабы және Қарулы Күштері құрылымдық бөлімшелерінің өзара іс-қимыл жасау қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 472 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33059 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiн жүргiзу қағидалары 10-тармағының талаптарына сәйкес қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.
5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің міндетін уақытша атқарушы генерал-лейтенант |
С. Қамалетдинов |
| Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2025 жылғы 30 қыркүйектегі № 1354 бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 18 тамыздағы № 684 бұйрығымен бекітілген |
Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастырған кезде Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Бас штабы және Қарулы Күштері құрылымдық бөлімшелерінің өзара іс-қимыл жасау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қағидалар мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастырған кезде Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Бас штабы және Қарулы Күштері құрылымдық бөлімшелерінің өзара іс-қимылын айқындайды.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) ағымдағы қаржы жылы – жоспарлы жыл алдындағы жыл;
2) алушы – қорғаныстық тапсырыс өнімін тікелей қабылдауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Бас штабының, Қарулы Күштерінің құрылымдық бөлімшесі, сондай-ақ республикалық мемлекеттік мекеме;
3) жабдықталым органдары – мүддесінде әскери мақсаттағы тауармен (өніммен), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауармен (өніммен), әскери мақсаттағы жұмыспен және әскери мақсатта көрсетілетін қызметпен (бұдан әрі – қорғаныстық тапсырыс өнімі) қамтамасыз ету жүргізілетін, тактикалық-техникалық тапсырманы (техникалық ерекшелікті, тактикалық-техникалық сипаттаманы) (бұдан әрі – техникалық тапсырма) әзірлеуді, сондай-ақ оларды қабылдауды бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қарулы Күштері Бас штабының құрылымдық бөлімшелері, республикалық мемлекеттік мекемелер;
4) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласында басшылық жасауды және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрілігінің құрылымдық бөлімшесі;
5) уәкілетті құрылымдық бөлімше – уәкілетті органмен мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс мәселелері бойынша өзара іс-қимылды үйлестіруге жауапты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің құрылымдық бөлімшесі.
3. Жабдықталым органдарына және алушыларға бір тұлға ретінде әрекет етуге жол беріледі.
2-тарау. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру
1-параграф. Техникалық тапсырманы қалыптастыру
4. Қорғаныстық тапсырыс өніміне техникалық тапсырманы қалыптастыруды жабдықталым органдары "Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 20-бабы 2-тармағының талабын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 14 қазандағы № 759 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау қағидаларының ережелерін ескеріп жүзеге асырады.
Жабдықталым органының бірінші басшысы немесе оның міндетін атқаратын адам техникалық тапсырманы бекітеді.
5. Жабдықталым органдары алдындағы қаржы жылының 15 қыркүйегінен кешіктірмей уәкілетті құрылымдық бөлімшеге сатып алу жоспарланған қорғаныстық тапсырыс өнімінің саны (көлемі) мен жеткізу орны туралы мәліметтерді қоса беріп, тиісті жоспарлы кезеңге арналған қажетті қорғаныстық тапсырыс өніміне техникалық тапсырманы қағазда және электрондық түрде жібереді.
Сатып алу жоспарланған қорғаныстық тапсырыс өнімі бойынша жиынтық мәліметтерді жабдықталым органдары уәкілетті құрылымдық бөлімшеге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті жоспарлы кезеңге арналған техникалық тапсырмалардың бірыңғай тізбесімен жібереді.
Бұл ретте тиісті жоспарлы кезеңге дейін екі жылғы кезең алдындағы қаржы жылы болып табылады.
6. Техникалық тапсырмада мазмұндалған қорғаныстық тапсырыс өнімінің атауы жіберілетін тізбедегі және кейіннен қорғаныстық тапсырыс өніміне өтінімдегі қорғаныстық тапсырыс өнімінің атауына сәйкес келуге тиіс.
7. Баға ұсыныстарын алу мақсатында уәкілетті құрылымдық бөлімше алдындағы қаржы жылының 1 қарашасынан кешіктірмей техникалық тапсырмаларды жинақтауды жүзеге асырады және сатып алу жоспарланған қорғаныстық тапсырыс өнімінің саны (көлемі) мен жеткізу орны туралы жиынтық мәліметтерді (тізбені) қоса беріп, оларды уәкілетті органға жібереді.
2-параграф. Қорғаныстық тапсырыс өнімінің болжамды тізімін қалыптастыру
8. Уәкілетті құрылымдық бөлімше алдындағы қаржы жылының 15 қарашасына дейінгі мерзімде шығыс лимитін қалыптастырады, одан кейін оларды Қорғаныс министрінің мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс мәселесіне жетекшілік ететін орынбасарымен келіседі.
Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыспен бекітілген жалпы лимит шегіндегі шығыс лимиті тиісті жоспарлы кезеңге әрбір жабдықталым органына жеткізіледі.
9. Жабдықталым органдары ағымдағы қаржы жылының 10 қаңтарына дейінгі мерзімде уәкілетті орган ұсынған бағаға сәйкес уәкілетті құрылымдық бөлімшеге осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті жоспарлы кезеңге мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде сатып алу жоспарланған іс-шаралардың бекітілген болжамды тізімін және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қару-жарақпен және әскери техникамен, құралдармен және мүлікпен жабдықтаудың заттай нормаларының қаржылық қамтамасыз етілуі туралы ақпаратты ұсынады.
Бекітілген шығыс лимитінің шегіне кірмеген қорғаныстық тапсырыс өнімін жабдықталым органы осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бекітілген шығыс лимитінің шегіне кірмеген тиісті жоспарлы кезеңге арналған мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс өніміне қосымша қажеттілік ретінде көрсетеді.
Бұл ретте жоспарлы кезеңнің алдындағы жыл ағымдағы қаржы жылы болып табылады.
10. Жабдықталым органдары қорғаныстық тапсырыс өнімінің бекітілген болжамды тізімінде қамтамасыз ету түрлері бойынша жабдықтау нормаларына сәйкес келетін, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын қаруландыруға немесе жарақтандыруға қабылданған, жиынтықтаушы және қосалқы бөлшектерді қоспағанда, қызмет бағыттары бойынша дамыту жол карталарына сәйкес келетін не сатып алу жоспарланған өнімді тәжірибелік үлгі ретінде көрсетеді.
11. Уәкілетті құрылымдық бөлімше ұсынылған болжамды тізімге сәйкес ағымдағы қаржы жылының 15 ақпанына дейінгі мерзімде бұрын тиісті жоспарлы кезеңге арналған қорғаныстық тапсырыспен бекітілген сома шегінде қорғаныстық тапсырыс өнімінің болжамды жиынтық тізімін қалыптастырады және уәкілетті органға жібереді.
Бөлінген лимит шегінде қосымша қажеттілік болған кезде уәкілетті құрылымдық бөлімше уәкілетті органға қосымша өтінім жібереді.
3-параграф. Қорғаныстық тапсырыс өніміне өтінімді қалыптастыру
12. Қорғаныстық тапсырыс өніміне өтінімдерді қалыптастыруды жабдықталым органы қызмет бағыттары бойынша жүзеге асырады.
13. Жабдықталым органдары тиісті жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет туралы заңға қол қойылғаннан кейін ағымдағы қаржы жылының 5 желтоқсанына дейін уәкілетті құрылымдық бөлімшеге осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қорғаныстық тапсырыс өніміне бекітілген өтінімдерді ұсынады.
Бұл ретте жабдықталым органдары өтінімдерде қамтамасыз ету түрлері бойынша жабдықтау нормаларына сәйкес келетін, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын қаруландыруға немесе жарақтандыруға қабылданған, жиынтықтаушы және қосалқы бөлшектерді қоспағанда, қызмет бағыттары бойынша дамыту жол карталарына сәйкес келетін не сатып алу жоспарланған қорғаныстық тапсырыс өнімін тәжірибелік үлгі ретінде ескереді.
14. Уәкілетті құрылымдық бөлімше іс жүргізуге өтінімдер түскен сәттен бастап жоспарланған кезеңге Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қорғаныстық тапсырыс өніміне жиынтық өтінімді (бұдан әрі – жиынтық өтінім) қалыптастырады.
15. Уәкілетті құрылымдық бөлімше жиынтық өтінімді бекіту үшін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министріне ұсынады және тиісті жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет туралы заңға қол қойылғаннан кейін ағымдағы қаржы жылының 15 желтоқсанына дейінгі мерзімде оны уәкілетті органға жібереді.
16. Тиісті кезеңге арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының заңнамалық актісіне қол қойылғаннан кейін он жұмыс күні ішінде уәкілетті құрылымдық бөлімше уәкілетті органға нақтыланған жиынтық өтінімді ұсынады.
17. Жабдықталым органы үлгілерін заттай мүлік үлгілерін бекіту жөніндегі комиссия бекіткен ұйымдар бекітілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға үлгілерді бекіту актісін жібередіы.
4-параграф. Тізілімді қалыптастыру бойынша комиссия, орындаушыларды таңдау бойынша конкурстық комиссия (комиссиялар)
18. Уәкілетті органның сұрау салуы бойынша жабдықталым органдары және/немесе алушылар тізілімді қалыптастыру бойынша комиссияға қосу үшін өкілді айқындайды.
19. Уәкілетті органның сұрау салуы бойынша жабдықталым органдары және/немесе алушылар орындаушыларды таңдау бойынша комиссияға (комиссияларға) қосу үшін қызмет бағыты бойынша арнайы білімі бар өкілді (маманды) айқындайды.
20. Жабдықталым органының бірінші басшысы немесе оның міндетін атқаратын адам өкілдің (маманның) комиссия отырысына уақтылы келуін қамтамасыз етеді.
3-тарау. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындау
21. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шарты (бұдан әрі – шарт) әскери өкілдікпен келісіледі.
Әскери өкілдіктің шарт жобасын келісуі күнтізбелік үш күн ішінде жүргізіледі.
22. Уәкілетті орган қол қойылған шарттың бір данасын алушыға, шарттың көшірмесін жабдықталым органына жібереді.
23. Шарттың талаптарын сақтамау фактілері бойынша алушы шарттың тараптарын және уәкілетті құрылымдық бөлімшені дереу хабардар етеді.
24. Уәкілетті орган жасалған шарт талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру үшін қызмет бағыты бойынша жабдықталым органының және/немесе алушының лауазымды адамдарын өз өкілдері ретінде тартуға құқылы.
25. Алушы уәкілетті органды жасалған шарт талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру үшін өз өкілдерін жіберу туралы хабардар етеді.
26. Өкіл бақылау аяқталғаннан кейін күнтізбелік бес күн ішінде уәкілетті органға қорытындылар туралы жазбаша есепті ұсынады.
27. Жабдықталым органы және/немесе алушы уәкілетті органның сұрау салуы бойынша шарт бойынша туындаған келіспеушіліктерді немесе дауларды шешу үшін тікелей келіссөздер процесіне, сондай-ақ соттарға өз өкілдерінің қатысуын қамтамасыз етеді.
20 ___ – 20 ___ жылдарға арналған мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың қажетті өніміне арналған техникалық тапсырмалар тізбесі ______________________________ (құрылымдық бөлімшенің, мекеменің атауы)
Р/с № | Техникалық тапсырмадағы өнімнің атауы | Өлшем бірлігі | 20 _ жыл | 20__ жыл | 20__ жыл | Ескертпе | ||||||
Саны (көлемі) | Жеткізу мерзімі | Жеткізу орны | Саны (көлемі) | Жеткізу мерзімі | Жеткізу орны | Саны (көлемі) | Жеткізу мерзімі | Жеткізу орны | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
1. Әскери мақсаттағы тауарды (өнімді) сатып алу | ||||||||||||
2. Қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарды (өнімді) сатып алу | ||||||||||||
3. Әскери мақсаттағы жұмысты орындау | ||||||||||||
4. Әскери мақсаттағы қызметті көрсету | ||||||||||||
М.О. __________________________________________________________________
(құрылымдық бөлімше, мекеме бастығының лауазымы, әскери атағы, қолы, тегі және
инициалдары)
Ескертпе:
1. Осы нысанды жабдықталым органдары әзірлейді және уәкілетті құрылымдық бөлімшеге электрондық түрде (.xls кеңейту) немесе қағаз түрінде жібереді.
2. Техникалық тапсырмаларды жабдықталым органдары әзірлейді және уәкілетті құрылымдық бөлімшеге электрондық түрде (.pdf кеңейту) немесе қағаз түрінде жібереді, оларда елтаңбалы мөрмен расталған тиісті уәкілетті лауазымды адамдардың қолтаңбалары болады.
20__ – 20 __ жылдарға арналған мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде сатып алуға жоспарланатын іс-шаралардың алдын ала тізімі _______________________________ (құрылымдық бөлімшенің, мекеменің атауы)
Р/с № | Өнім атауы | Өлшем бірлігі | 20 __ жыл | 20 __ жыл | 20 __ жыл | Ескертпе | |||||||||||||
Саны | Бірлік үшін бағасы (теңгеде) | Жалпы сомасы (мың теңгеде) | Саны | Бірлік үшін бағасы (теңгеде) | Жалпы сомасы (мың теңгеде) | Саны | Бірлік үшін бағасы (теңгеде) | Жалпы сомасы (мың теңгеде) | |||||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | |||||||
1. Әскери мақсаттағы тауарды (өнімді) сатып алу | |||||||||||||||||||
Жиыны | |||||||||||||||||||
2. Қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарды (өнімді) сатып алу | |||||||||||||||||||
Жиыны | . | ||||||||||||||||||
3. Әскери мақсаттағы жұмысты орындау | |||||||||||||||||||
Жиыны | |||||||||||||||||||
4. Әскери мақсаттағы қызметті көрсету | |||||||||||||||||||
Жиыны | |||||||||||||||||||
БАРЛЫҒЫ: | |||||||||||||||||||
Ескертпе:
Осы нысанды жабдықталым органдары әзірлейді және уәкілетті құрылымдық бөлімшеге электрондық түрде (.xls кеңейту) немесе қағаз түрінде жібереді.
М.О. _____________________________________________________________
(құрылымдық бөлімше, мекеме бастығының лауазымы, әскери атағы, қолы, тегі және инициалдары)
______________________________________________________ (құрылымдық бөлімшенің, мекеменің атауы) қару-жарақпен және әскери техникамен, құралдармен және мүлікпен жабдықтаудың заттай нормаларымен қаржылық қамтамасыз етілуі туралы ақпарат
Р/с № | Заттай норманың атауы | Өлшем бірлігі | Тиесілік нормасы | Бар болуы | ||||||
20___ жылғы 01.01. нақты қолда бары | Сатып алынған жылы | Пайдалану мерзімі (жыл) | Ағымдағы қаржы жылында есептен шығарылуға тиіс | Бір бірлік үшін орташа бағасы, теңге | Ағымдағы қаржы жылында сатып алу жоспарланған | |||||
Саны | Құны (мың теңге) | |||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
Кестенің жалғасы
Жалпы қажеттілік | Оның ішінде | ||||||||
202__ жылға сатып алу көзделген | 202__ жылға сатып алу көзделген | 202__ жылға сатып алу көзделген | 202__ жылдан кейін сатып алу жоспарлануда | ||||||
Саны | Құны (мың теңге) | Саны | Құны (мың теңге) | Саны | Құны (мың теңге) | Саны | Құны (мың теңге) | Саны | Құны (мың теңге) |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 |
_____________________________________________________________________
(құрылымдық бөлімше, мекеме бастығының лауазымы, әскери атағы, қолы, тегі және инициалдары)
Бекітілген шығыс лимиті шегіне кірмеген 20__ – 20 __ жылдарға арналған мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс өніміне қосымша қажеттілік
Р/с | Өнім атауы | Өлшем бірлігі | 20 __ жыл | 20 __ жыл | 20 __ жыл | Ескертпе | ||||||||
Саны | Бірлік үшін бағасы (теңгеде) | Жалпы сомасы (мың теңгеде) | Саны | Бірлік үшін бағасы (теңгемен) | Жалпы сомасы (мың теңгемен) | Саны | Бірлік үшін бағасы (теңгемен) | Жалпы сомасы (мың теңгемен) | ||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | ||
1. Әскери мақсаттағы тауарды (өнімді) сатып алу (басымдылық тәртібінде көрсетілген) | ||||||||||||||
Жиыны: | ||||||||||||||
2. Қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарды (өнімді) сатып алу (басымдылық тәртібінде көрсетілген) | ||||||||||||||
Жиыны: | . | |||||||||||||
3. Әскери мақсаттағы жұмысты орындау (басымдылық тәртібінде көрсетілген) | ||||||||||||||
Жиыны: | . | |||||||||||||
4. Әскери мақсаттағы қызметті көрсету (басымдылық тәртібінде көрсетілген) | ||||||||||||||
Жиыны: | . | |||||||||||||
БАРЛЫҒЫ: | . | |||||||||||||
М.О. ____________________________________________________________
(құрылымдық бөлімше, мекеме бастығының лауазымы, әскери атағы, қолы, тегі және иницалдары)
Ескертпе: Осы нысанды жабдықталым органдары әзірлейді және уәкілетті құрылымдық бөлімшеге электрондық түрде (.xls кеңейту) немесе қағаз түрінде жібереді.
20 ___ – 20 ___ жылдарға арналған мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс өніміне арналған өтінім ________________________________ (құрылымдық бөлімшенің, мекеменің атауы)
Р/с | Өнім атауы | Өлшем бірл. | 20 __ жыл | 20 __ жыл | 20 __ жыл | Ескертпе | ||||||
Саны | Бірлік үшін бағасы (теңгеде) | Жалпы сомасы (мың теңгеде) | Саны | Бірлік үшін бағасы (теңгеде) | Жалпы сомасы (мың теңгеде) | Саны | Бірлік үшін бағасы (теңгеде) | Жалпы сомасы (мың теңгеде) | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
1. Әскери мақсаттағы тауарды (өнімді) сатып алу | ||||||||||||
Жиыны: | ||||||||||||
2. Қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарды (өнімді) сатып алу) | ||||||||||||
Жиыны: | ||||||||||||
3. Әскери мақсаттағы жұмысты орындау | ||||||||||||
Жиыны: | ||||||||||||
4. Әскери мақсаттағы қызметті көрсету | ||||||||||||
Жиыны: | ||||||||||||
БАРЛЫҒЫ: | ||||||||||||
М.О. ________________________________________________________________
(құрылымдық бөлімше, мекеме бастығының лауазымы, әскери атағы, қолы, тегі және инициалдары)
Ескертпе: Осы нысанды жабдықталым органдары әзірлейді және уәкілетті құрылымдық бөлімшеге электрондық түрде (.xls кеңейту) немесе қағаз түрінде жібереді.
