"Бейбіт уақытқа арналған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін азық-түлікпен, азықпен, жабдықпен, асханалық-асүйлік ыдыспен және азық-түлік қызметінің техникасымен жабдықтау нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 353 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2025 жылғы 12 қыркүйектегі № 1263 бұйрығы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.


      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бейбіт уақытқа арналған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін азық-түлікпен, азықпен, жабдықпен, асханалық-асүйлік ыдыспен және азық-түлік қызметінің техникасымен жабдықтау нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 353 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11844 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы 2-тармағының 22-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бейбіт уақытқа арналған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін азық-түлікпен, азықпен, жабдықпен, асханалық-асүйлік ыдыспен және азық-түлік қызметінің техникасымен жабдықтау нормаларында:

      "Жалпыәскери азық үлесі" деген 1-нормаға ескертпенің 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) әскери жиындарға шақырылған әскери міндеттілер, әскери-оқу практикасы кезеңінде әскери кафедралардың (әскери факультеттердің) өтеусіз негізде білім алып жатқан студенттері, оқуға түсу емтихандарын тапсыру үшін келген және казармалық жағдайда тұратын кандидаттар, жиындардан (тағылымдамадан) өту кезеңінде әскери-оқу орындарының (әскери колледждердің) кадеттері мен курсанттары, сондай-ақ осы бөлімдерге, бөлімшелерге іссапарға келген әскери қызметшілер;";

      4) тармақша алып тасталсын;

      "Ауыз сумен қамтамасыз ету" деген негізгі нормаға қосымша азық үлесінің ескертпесінде:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) әскери қызметшілер далалық шығуда, оқу-жаттығуда, маневр жасауда, зілзала мен апат ауданында болған кезде, төтенше жағдайда, қарулы жанжал кезінде және бітімгершілік операцияларда, сондай-ақ далалық жиындар кезеңінде әскери колледждердің кадеттері мен ұландары;";

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) әскери жиынға шақырылған әскери міндеттілер, оқу-жаттығу полигондарында және орталықтарында әскери-оқу практикасы кезеңінде өтеусіз негізде білім алып жатқан әскери кафедралардың (әскери факультеттердің) студенттері;";

      "Мерекелік үлес" деген негізгі нормаға қосымша азық үлесіне ескертпеде:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) мерзiмдi қызмет әскери қызметшілері мен жоғары оқу орындарының курсанттары, әскери колледж кадеттері мен ұландары, әскери-оқу практикасы кезеңінде өтеусіз негізде білім алып жатқан әскери кафедралардың (әскери факультеттердің) студенттері – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалған мереке күндері және тиісті органдардың, мекемелер мен бөлімдердің құрылғанын мерекелеген күндері, сондай-ақ әскери ант қабылдаған күндері;";

      "Инженерлік-техникалық құрамға арналған азық үлесі" деген 2-нормада:

      ескертпенің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) әскери жиындарға шақырылған әскери мiндеттілер, тағылымдамадан өтіп жатқан әскери оқу орындарының курсанттары және авиациялық бөлiмдерде инженерлік-техникалық лауазымдарда өтеусіз негізде білім алып жатқан әскери кафедралардың (әскери факультетінің) студенттері – жиындардан (әскери-оқу практикасынан, тағылымдамадан) өту кезеңiнде;";

      "Десанттық-шабуылдау әскерлеріне арналған азық үлесі" деген 5-нормада:

      ескертпенің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) әскери жиындарға шақырылған әскери мiндеттілер, өтеусіз негізде білім алып жатқан әскери кафедралардың (әскери факультеттердің) студенттері мен әскери оқу орындарының курсанттары – жиындардан (әскери-оқу практикасынан, тағылымдамадан) өту кезеңінде, әскери қызметi парашютпен секiрумен байланысты секiру жасаған күндерi жабдықталуда;";

      "Әскери-спорт колледжінің оқушыларына арналған азық үлесі" деген 6-нормада:

      ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ескертпе: осы норма бойынша мемлекет есебiнен Спорт комитеті –Орталық спорт клубы әскери-спорт колледжінің оқушылары жабдықталуда.";

      "Жас ұлан" республикалық мектебi 7-8-сыныптарының оқушыларына арналған азық үлесі" деген 7-норма алып тасталсын;

      "Жас ұлан" республикалық мектебi 9-11-сыныптарының оқушыларына арналған азық үлесі" деген 8-нормада:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-норма "Әскери колледж ұландарына арналған азық үлесі";

      ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ескертпе:

      1. Осы норма бойынша мемлекет есебінен әскери колледждің ұландары жабдықталады.

      2. Әскери колледждің ұландары әскери бөлімде практикадан өту кезеңінде осы әскери бөлімнің мерзімді қызмет әскери қызметшілері үшін көзделген нормалар бойынша азық-түлікпен қамтамасыз етіледі.";

      "Спорт комитеті – Армия орталық спорт клубының спортшы мерзімді қызмет әскери қызметшілерiне арналған азық үлесі" деген 9-нормада:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9-норма "Спорт комитеті – Орталық спорт клубының спортшы әскери қызметшілеріне арналған азық үлесі";

      ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ескертпе: осы норма бойынша мемлекет есебiнен Спорт комитетi – Орталық спорт клубының мерзiмдi қызмет әскери қызметшiлерi, сондай-ақ Қарулы Күштердің спорттық құрама командалары жаттықтыру жиындарын және жарыстарды өткiзу кезеңінде жабдықталуда.";

      "Ұшқыш азық үлесі" деген 10-нормада:

      ескертпенің 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) әскери жиындарға шақырылған және ұшу аппараттарында ұшуды жасайтын әскери мiндеттілер, жоғары және орта арнаулы оқу орындарында өтеусіз негізде білім алып жатқан, әскери даярлықтан өтетін әскери кафедралардың (әскери факультеттердің) студенттерi – практикалық ұшу (әскери-оқу практикасы, тағылымдама) басталған күннен бастап жиындар аяқталған күнге дейiн жабдықталуда.";

      "Теңiз азық үлесі" деген 11-нормада:

      ескертпенің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) штаттық экипаждарға кiрмейтiн қамтамасыз ету кемелері топтарының әскери қызметшілері, капитан-тәлімгерлері, механик-тәлімгерлері мен лоцмандары, әскери жиындарға шақырылған әскери мiндеттілер, әскери-оқу практикасы кезеңінде өтеусіз негізде білім алып жатқан әскери кафедралардың (әскери факультеттердің) студенттері, әскери оқу орындарының курсанттары – корабльге, кемеге келген күннен бастап;"

      "Әскери оқу орнының кадеттеріне арналған азық үлесі" деген 16-нормада:

      ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ескертпе:

      1. Осы норма бойынша мемлекет есебінен әскери колледждің кадеттері жабдықталады.

      2. Әскери колледждің кадеттері әскери бөлімде практикадан өту кезеңінде осы әскери бөлімнің мерзімді қызмет әскери қызметшілері үшін көзделген нормалар бойынша азық-түлікпен қамтамасыз етіледі.";

      "Жалпы әскери жеке тамақтандыру рационы" деген 17-нормада:

      ескертпенің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) мерзімді қызмет әскери қызметшілері, әскери оқу орындарының ұландары, кадеттері мен курсанттары, сондай-ақ әскери кафедралардың (әскери факультеттердің) студенттері – олар демалысқа, іссапарға, жаңа қызмет орнына, запасқа шығарылғандар тұрғылықты жеріне дейін жол жүргенде;";

      "Әскери бөлімдер мен мекемелердің сарбаздар (матростар) асханаларын асханалық-асүйлік ыдыспен, жабдықпен және мүкәммалмен жабдықтау" деген 27-нормада:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "27-норма Әскери бөлімдер мен мекемелердің қатардағы жауынгерлер мен матростар асханаларын асханалық-асүйлік ыдыспен, жабдықпен және мүкәммалмен жабдықтау";

      ескертпенің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Ыдысқа қажеттілік тамақтанатын адамдардың нақты санын ескере отырып, әскери бөлімдер мен мекемелердің асханаларында орнатылған 4, 6 және 10 орынды үстелдердің, өзіне-өзі қызмет көрсету желілерінің нақты болуына сәйкес, сондай-ақ экипаждар санына байланысты, бірақ тиісінше 4 немесе 6 орынды үстелдерге қатысты жылжымалы байланыс станцияларына айқындалады.".

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Тыл бастығының басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 472 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу қағидалары 10-тармағының талаптарына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33059 болып тіркелген) қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң, бірақ 2025 жылғы 16 қыркүйектен ерте емес қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты
Д. Қосанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады