БҰЙЫРАМЫН:
1. "Бейбіт уақытқа арналған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерін, әскери бөлімдері мен мекемелерін заттай мүлікпен жабдықтау нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 27 мамырдағы № 277 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11557 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабы 2-тармағының 22-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бейбіт уақытқа арналған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерін, әскери бөлімдері мен мекемелерін заттай мүлікпен жабдықтау нормалары:
Келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін аға және кіші офицер құрамын, әскери қызметші әйелдерді, қатардағы жауынгер және сержант құрамын (ӘТК бөлімі мен бөлімшесінен басқа) заттай мүлікпен жабдықтаудың № 2 нормасы осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін және Әскери-теңіз күштері бөлімшесінің аға және кіші офицер құрамын, әскери қызметші әйелдерді, қатардағы жауынгер және сержант құрамын заттай мүлікпен жабдықтаудың № 3 нормасы осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Әскери оқу орнының курсантын, кадетін, ұланы мен тәрбиеленушісін, әскерге шақыру бойынша қатардағы жауынгер және сержант құрамын, әскери жиынға шақырылған запастағы офицерді, қатардағы жауынгер және сержант құрамын және резервте қызмет өткеретін әскери қызметшіні (ӘТК-ден басқа) заттай мүлікпен жабдықтаудың № 4 нормасы осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Әскери оқу орнының курсантын, Әскери-теңіз күштерінің қатардағы жауынгер және сержант құрамын заттай мүлікпен жабдықтаудың № 5 нормасында:
алтыншы бөліктің ескертпесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Курсантқа, кадетке (ұланға), әскерге шақыру бойынша қатардағы жауынгер және сержант құрамына қазаннан бастап наурыз айына дейін ай сайын 4 жұп термоұйық беріледі. Екі жұп жазғы ұйық екі аптаға беріледі.";
Әскери қызметшіні жылы затпен, амунициямен және төсек жабдығымен (мүкәммалдық мүлік) жабдықтаудың № 6 нормасында:
ескертпенің төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Төсек жабдығымен мынадай контингент:
1) әскерге шақыру бойынша қатардағы жауынгер және сержант құрамы, әскери оқу орнының курсанты, кадеті (ұланы);
2) әскери-медициналық (медициналық) бөлімше штаттық жатын орын санына;
3) әскери міндетті жиын кезеңінде;
4) келісімшарт бойынша әскери қызметші мен әскерге шақыру бойынша офицер казармада, корабльде және жауынгерлік кезекшілік атқаратын жерде орналасқанда;
5) әскери қызметші полигонда, шатырлы лагерьде, оқу-жаттығу орталығында және қосалқы әуеайлақта орналасқанда;
6) әуе кемесінің экипажы әскери бөлімнің қонақ үйінде (ұшып өтетін экипаж демалыс бөлмесінде) орналасқанда;
7) әскери қызметші мен талапкер әскери оқу орнына, оқу орнының әскери факультетіне оқуға түсу емтиханын тапсырғанда;
8) әскерге шақырылушы жергілікті әскери басқару органының шақыру учаскесінде орналасқанда;
9) Ұлттық қорғаныс университетінің ауыспалы құрамы (тек әскери қызметші) қамтамасыз етіледі.
ескертпенің бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Әскерге шақыру бойынша қатардағы жауынгер және сержант құрамын, курсанты, кадеті (ұланы) және әскери оқу орнының тәрбиеленушісін қоспағанда, барлық контингент үшін төсек жабдығын қолдану мерзімі тікелей қолдану уақыты бойынша саналады, төсек жабдығын қоймада сақтау мерзімі қолдану мерзіміне саналмайды. Сонымен қатар, әскери бөлім мен мекемеге есептен шығарылған заттардан матрац астарын және төсек жанына төсеніш жасауға жол беріледі. Әскери-медициналық (медициналық) бөлімше үшін түкті сүлгі сатып алуға (беруге) жол беріледі.";
ескертпенің 5 және 6-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Сүлгі тек курсанттарға, кадеттерге (ұландарға), тәрбиеленушілерге, қатардағы жауынгер және сержант құрамына, әскери жиынға шақырылған әскери міндеттіге, резервте қызмет өткеретін әскери қызметшіге, госпитальдың, лазареттің және медициналық пункттің штаттық жатын орнына беріледі. Госпитальді, лазаретті, медициналық пунктті түкті сүлгімен қамтамасыз етуге жол беріледі. Сонымен қатар, операциялық және таңу қажеттілігі үшін қосымша: әрбір жатын орынның штат санынан 50 пайызға дейін 1 жылға 4 данадан жастық тысы, жайма мен сүлгі беріледі.
6. Тек әскери оқу орнының курсантына, кадетіне (ұланына) және тәрбиеленушісіне, әскерге шақыру бойынша қатардағы жауынгер және сержант құрамына беріледі.";
Әскери бөлім мен мекемені шатырмен (мүкәммалдық мүлік) жабдықтаудың № 11 нормасында:
реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
1 | Әскери қызметшілерді орналастыру үшін: | |||||
офицер, әскери қызметші әйелдер мен жиынға тартылатын запастағы офицер (10 адам) | 1 | 10 | ||||
жиынға тартылған келісімшарт бойынша әскери қызметші, әскери оқу орнының курсанты, кадеті (ұланы), тәрбиеленушісі, әскерге шақыру бойынша қатардағы жауынгер және сержант құрамы, запастағы қатардағы жауынгер және сержант құрамы мен студент (40 адам) | 1 | 10 |
";
реттік нөмірі 12-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
12 | Азық-түлік пункті (материалдық қамтамасыз ету батальоны, дивизионы мен ротасы) | 10 | ||||
жиынға тартылатын офицерлер, запастағы офицерлер тамақтанатын асхана | 1 | 10 | ||||
келісімшарт бойынша әскери қызметшілер тамақтанатын асхана | 1 | 10 | ||||
жиынға тартылатын әскери оқу орнының курсанттары, кадеттері (ұландары), тәрбиеленушілері, қатардағы жауынгер және сержант құрамы мен студенттер тамақтанатын асхана | 1 | 10 | ||||
қосалқы үй-жай | 1 | 1 | 10 | |||
азық-түлікті сақтау үшін | 1 | 10 | ||||
асхана бойынша кезекші бөлмесі | 1 | 10 | ||||
аспазшылар демалатын бөлме | 1 | 10 |
";
Жуыну керек-жарағымен жабдықтаудың № 14 нормасы осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Киім-кешек қызметінің мүлкін жуу үшін жуу құралымен жабдықтаудың № 15 нормасында:
ескертпенің 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Әскерге шақыру бойынша қатардағы жауынгер немесе сержант құрамына, әскери оқу орнының курсантына, кадетіне (ұланына) (жұмыс киімі, төсек орын және ішкиім):
1) жазда 8 кг;
2) қыста10 кг беріледі.
2. Әскерге шақыру бойынша бір қатардағы жауынгер немесе сержант құрамына, әскери оқу орнының курсантына, кадетіне (ұланына) (жазғы далалық немесе жауынгерлік киім-кешек):
1) жазда 3 кг;
2) қыста 1,5 кг беріледі.";
Аяқ киім жақпамайымен және шаруашылық керек-жарағымен жабдықтаудың № 16 нормасы осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Әскери киім нысаны жинағына кіретін фурнитура тізбесі осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Тылы бастығының басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 472 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiн жүргiзу қағидалары 10-тармағының талаптарына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33059 болып тіркелген) қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.
5. Осы бұйрық 2025 жылғы 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты |
Д. Косанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2025 жылғы 9 қыркүйектегі № 1236 бұйрығына 1-қосымша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 27 мамырдағы № 277 бұйрығымен бекітілген |
Келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін аға және кіші офицер құрамын, әскери қызметші әйелдерді, қатардағы жауынгер және сержант құрамын (ӘТК бөлімі мен бөлімшесінен басқа) заттай мүлікпен жабдықтаудың № 2 нормасы
Р/с № | Атауы | Өлшем бірлігі | 1 адамға зат саны | Стратегиялық, жедел-стратегиялық, жедел-тактикалық, жедел-аумақтық, жергілікті әскери басқару органы, әскери кафедра (әскери факультет), әскери қатынас органы, әскери оқу орнының тұрақты құрамы (оқу процесін қамтамасыз ететін бөлімшеден басқа), әскери оқу орнының магистранты, адъюнкті мен докторанты | Алдыңғы бағанда көрсетілмеген әскери бөлім (мекеме) мен бөлімше | Қоймада шекті сақтау мерзімі (жыл) | Осы затты бергенде қолданылатын ескертпе № | ||
Әскери шақыру бойынша кіші офицер құрамы мен келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметші (жоғары офицер құрамынан басқа) | Әскери қызметші әйелдер | Келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін аға және кіші офицер құрамы, әскери қызметші әйелдер, қатардағы жауынгер және сержант құрамы | Әскери қызметші әйелдер | ||||||
Кию мерзімі | |||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | |||
1-тарау. Киім-кешек | |||||||||
1 | Қара жусан түстес күнделікті фуражка | дана | 1 | 7 жыл | - | 7 жыл | - | 10 | 1, 11, 12 |
2 | Қара жусан түстес салтанатты әйелдер шляпасы | дана | 1 | - | 7 жыл | - | 7 жыл | 10 | 1 |
3 | Берет | дана | 1 | 2 жыл | 2 жыл | 2 жыл | 2 жыл | 10 | 1 |
4 | Қара жусан түстес күнделікті кепи | дана | 1 | 2 жыл | 2 жыл | - | - | 10 | 7, 12 |
5 | Бүркеніш түсті далалық кепи | дана | 1 | 2 жыл | 2 жыл | 1 жыл | 1 жыл | 10 | 1, 9 |
6 | Қара жусан түстес тері құлақшын (полковник үшін сұр түсті қаракөл құлақшын) | дана | 1 | 3 жыл | 3 жыл | 3 жыл | 3 жыл | 10 | 1, 2, 12, 13 |
7 | Далалық малақай пен снуд | жиынт. | 1 | 3 жыл | 3 жыл | 2 жыл | 2 жыл | 10 | 1, 9 |
8 | Қара жусан түстес салтанатты мундир мен шалбар | жиынт. | 1 | 7 жыл | 7 жыл | 7 жыл | 7 жыл | 10 | 1, 12 |
9 | Сұр түсті салтанатты мундир (полковник үшін) | дана | 1 | 7 жыл | 7 жыл | 7 жыл | 7 жыл | 10 | - |
10 | Қара жусан түстес китель мен шалбар | жиынт. | 1 | 3 жыл | - | - | - | 10 | 8, 12 |
11 | Белгіленген түсті далалық свитер | дана | 1 | 4 жыл | 4 жыл | 4 жыл | 4 жыл | 10 | 9 |
12 | Қара жусан түстес күнделікті костюм | жиынт. | 1 | 1 жыл | 1 жыл | - | - | 10 | 7, 12 |
13 | Қара жусан түстес қысқа жеңді күнделікті костюм | жиынт. | 1 | 2 жыл | 2 жыл | - | - | 10 | 12 |
14 | Қара жусан түстес юбка | дана | 1 | - | 2 жыл | - | - | 10 | 12 |
15 |
Қара жуса түстес тері жағалы қара жусан түстес қысқы пальто | дана | 1 | 7 жыл | 7 жыл | 7 жыл | 7 жыл | 10 | 1, 12 |
16 | Қара жусан түсті қысқы күртеше | дана | 1 | 3 жыл | 3 жыл | 7 жыл | 7 жыл | 10 | 2, 12 |
17 | Қара түсті салтанатты костюм (теңіз жаяу әскері үшін) | жиынт. | 1 | - | - | 7 жыл | 7 жыл | 10 | 1, 6 |
18 | Қара түсті қысқы салтанатты костюм (теңіз жаяу әскері үшін) | жиынт. | 1 | - | - | 7 жыл | 7 жыл | 10 | 1, 6 |
19 | Бүркеніш түсті далалық костюм | жиынт. | 1 | 2 жыл | 2 жыл | 1 жыл | 1 жыл | 10 | 1, 4, 9 |
20 | Бүркеніш түсті маусымдық далалық костюм | жиынт. | 1 | 4 жыл | 4 жыл | 3 жыл | 3 жыл | 10 | 9 |
21 | Бүркеніш түсті далалық қысқы костюм | жиынт. | 1 | 3 жыл | 3 жыл | 2 жыл | 2 жыл | 10 | 1, 9 |
22 | Салтанатты кашне | дана | 1 | 7 жыл | 7 жыл | 7 жыл | 7 жыл | 10 | 1 |
23 | Салтанатты қолғап | жұп | 1 | 7 жыл | 7 жыл | 7 жыл | 7 жыл | 10 | 1 |
24 | Салтанатты қысқы қолғап | жұп | 1 | 7 жыл | 7 жыл | 7 жыл | 7 жыл | 10 | 1 |
2-тарау. Аяқ киім | |||||||||
25 | Қара түсті қысқа қонышты бәтеңке | жұп | 1 | 1 жыл | - | 7 жыл | - | 10 | 1 |
26 | Қара түсті туфли | жұп | 1 | - | 1 жыл | - | 7 жыл | 10 | 1, 13 |
27 | Қара түсті қысқы қысқа қонышты етік | жұп | 1 | 2 жыл | - | 7 жыл | - | 10 | 1, 13 |
28 | Қара түсті қысқы қысқа қонышты әйелдер етігі | жұп | 1 | - | 2 жыл | - | 7 жыл | 10 | 1, 13 |
29 | Құм түстес жазғы далалық бәтеңке | жұп | 1 | 3 жыл | 3 жыл | 1 жыл | 1 жыл | 10 | 1, 5, 9 |
30 | Қара түсті қысқы далалық бәтеңке | жұп | 1 | 4 жыл | 4 жыл | 2 жыл | 2 жыл | 10 | 1, 5, 9 |
31 | Зәйтүн түстес тактикалық бәтеңке (кроссовки) | жұп | 1 | 3 жыл | 3 жыл | - | - | 10 | - |
3-тарау. Ішкиім | |||||||||
32 | Салтанатты жейде | дана | 1 | 5 жыл | 5 жыл | 5 жыл | 5 жыл | 10 | 1, 13 |
33 | Ашық жусан түстес күнделікті жейде | дана | 1 | 2 жыл | - | - | - | 10 | 8, 12 |
34 | Қара жусан түстес галстук | дана | 1 | 5 жыл | 5 жыл | 5 жыл | 5 жыл | 10 | 1, 12 |
35 | Зәйтүн түстес футболка | дана | 4 | 1 жыл | 1 жыл | 1 жыл | 1 жыл | 10 | 1, 10 |
4-тарау. Амуниция | |||||||||
36 | Салтанатты белдік | дана | 1 | 7 жыл | 7 жыл | 7 жыл | 7 жыл | 10 | 1 |
37 | Далалық белбеу | дана | 1 | 6 жыл | 6 жыл | 4 жыл | 4 жыл | 10 | 1 |
38 | Далалық сөмке | дана | 1 | 7 жыл | 7 жыл | 7 жыл | 7 жыл | 10 | 3 |
39 | Салтанатты аксельбант | дана | 1 | 7 жыл | 7 жыл | 7 жыл | 7 жыл | 10 | 1 |
40 | Галстукке қыстырма | дана | 1 | 7 жыл | - | 7 жыл | - | 10 | 1 |
Ескертпе:
Әскерді уақтылы қамтамасыз ету үшін жабдықтау жоспары бойынша орталық база мен қоймада жылдық қажеттіліктен 50 пайыз мөлшерінде ауыспалы зат қорын ұстау қажет, оның ішінде мүліктің 1 пайыз мөлшерінде өкілдік шығысқа қолдануға жол беріледі.
Әскери бөлім мен мекемеде шақтап пішу және бойын келтіру үшін осы заттарға жылдық (біржолғы) қажеттіліктен 10 пайыз мөлшерінде киім-кешек пен аяқ киімнің дайын заттарының азаймайтын қорын ұстау қажет. Одан басқа, әскери қызметшілерге ағымдағы жабдықталмауды қамтамасыз ету үшін киім-кешек пен аяқ киімнің дайын заттарының азаймайтын қорын ұстау қажет.
Жаңа үлгілерге кезең-кезеңімен көшу шеңберінде әскери киім үлгілерінің стилі мен түсін ауыстыру кезінде әскери қызметшілерге бұрын киілген киімдерді беруге жол беріледі.
Министр бекіткен тізбе бойынша лауазымда әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер осы жабдықтау нормасы бойынша қамтамасыз етілмейді.
Арнайы мүлікпен, азаматтық киіммен, ішкиіммен, аяқ киіммен, амунициямен, альпинистік (тау) жарағымен жабдықтаудың № 9 нормасы (бұдан әрі – № 9 жабдықтау нормасы) бойынша заттай мүлікті алатын арнайы мақсаттағы бөлім мен бөлімшенің әскери қызметшісі далалық киім-кешекпен, аяқ киіммен, ішкиіммен және амунициямен қамтамасыз етілмейді. Бұл ретте жабдықтаудың басқа нормасы бойынша арнайы киім-кешек, аяқ киім, ішкиім мен амунияция алатын бөлім мен бөлімше әскери қызметшісіне далалық киім нысаны заттарын, аяқ киімді, ішкиімді кию және амуницияны тағу мерзімі 2 есеге ұлғайтылады.
ДШӘ-де, теңіз жаяу әскерінің және арнайы мақсаттағы бөлім мен бөлімшеде 4 дана футболка орнына 1 жылға 4 дана жеңді тельняшка беріледі, олардың 2-еуі жеңді.
Қатардағы жауынгер және сержант құрамына келісімшарт бойынша әскери қызмет өткерудің алғашқы жылында тек далалық киім-кешек жиынтығы, аяқ киім, ішкиім мен амуниция беріледі.
Келісімшарт бойынша қатардағы жауынгер және сержант құрамына офицер әскери атағы берілгенде бұрын берілген заттарды кию мерзімі қамтамасыз етілді деп саналады.
Әскери қызметшіге бала күтімі бойынша демалысқа кеткенде заттай мүлікті кию мерзімі тоқтатыла тұрады, демалыстан шыққанда қайта басталады.
Ерекшелік белгісі мен жапсыра тігілетін айырым белгісі әскери киім нысанымен жиынтықта жүреді.
1. ҚР ҮҚ-ға сәйкес әскери парадқа (өткізілетін іс-шара мазмұнына сәйкес), салтанатты іс-шараға, халықаралық келіссөзге және шетел делегациясымен кездесуге қатысушылар Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің тыл және инфрақұрылым жөніндегі орынбасарының (бұдан әрі – Министрдің орынбасары) нұсқауы бойынша қосымша салтанатты, далалық киім нысанының заттарымен, аяқ киіммен, амунициямен және айырым белгісімен қамтамасыз етіледі (әскери қызметші әйелдерге ашық көгілдір түсті әйелдер шляпасы 1 дана, қара жусан түстес тері құлақшын 1 дана, қысқы пальто 1 дана, ашық көгілдір түсті мундир мен юбка 1 жиынтық, ашық көгілдір түсті балағы түсіңкі шалбар 1 дана, ақ түсті былғары етік 1 жұп, ашық көгілдір түсті әйелдер галстугі 1 дана беріледі). Бұл ретте қысқы пальто, салтанатты кашне мен салтанатты қысқы қолғап тек әскери парад қыста өткізгенде беріледі. Сонымен қатар, осы іс-шараны өткізу үшін белгіленбеген үлгідегі киім нысанын, аяқ киім, амуниция мен айырым белгісін сатып алуға жол беріледі. Одан басқа, халықаралық оқу-жаттығуға қатысушыларға Министр орынбасарының нұсқауы бойынша далалық киім нысанының заттары мен аяқ киімді қосымша беруге жол беріледі.
Көгілдір түсті берет тек ДШӘ, АОК, теңіз жаяу әскері, арнайы мақсаттағы әскери барлау органы, ҚР ҚК әскери полициясының жедел ден қою бөлімі мен бөлімшесінің және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі (бұдан әрі – ҚР ҚМ) және ҚР ҚК Бас штабы (бұдан әрі – БШ) қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, режим мен қауіпсіздік бойынша қызмет өткеретін әскери қызметшілерге, танк, жаяу әскер (десант) жауынгерлік машинасы, броньды шынжыр табан тарнспортер-тартқыш және олардың базасындағы машина, өздігінен жүретін артиллериялық және зениттік өздігінен жүретін қондырғы экипажына (бұдан әрі – танк экипажы) беріледі. Біліктілік сынағынан өткен ҚР АОК арнайы мақсаттағы бөлімшенің әскери қызметшісіне кокардасы бар күрең қызыл түсті берет беріледі және оны киюге құқық береді. Біліктілік сынағынан өткен ҚМ арнайы мақсаттағы әскери барлау органы бөлімшесінің әскери қызметшісіне кокардасы бар сұрғылт түсті берет беріледі және оны киюге құқық береді.
2. Халықаралық әуежайдың әскери қатынас комендатурасының әскери қызметшісіне белгіленген түсті тері құлақшын орнына белгіленген түсті қаракөл құлақшын беріледі.
3. Офицер және сержант лауазымындағы әскери қызметшілерге беріледі.
4. Әскери оқу орнының оқу процесін қамтамасыз ететін тактикалық буындағы бөлімше мен әскери бөлімнің (мекеменің) әскери қызметшісіне 2 жиынтық бүркенішті түсті далалық костюм 1 жылға беріледі. ДШӘ әскери қызметшісіне қосымша 1 дана (тиісінше дана және жұп) десанттық мақта-мата дулыға мен парашюттен секіруге арналған бәтеңке 3 жылға, сондай-ақ далалық бүркеніш түсті костюмнің екінші жиынтығы орнына 2 жылға дауылдық костюм беруге жол беріледі.
5. Теңіз жаяу әскері бөлімі мен бөлімшесінің әскери қызметшісіне салтанатты киім нысанына қосымша 1 жұп қара түсті далалық жазғы бәтеңке және қара түсті далалық қысқы бәтеңке 7 жылға беріледі.
6. Тек теңіз жаяу әскерінің әскери бөлімі мен бөлімшесінің қызметшісі үшін беріледі.
7. Тактикалық буын әскери бөлімінің командирі мен орынбасарлары 1 жиынтық (дана) күнделікті костюммен және күнделікті кепимен 3 жылға қамтамасыз етіледі.
8. Тек бас қолбасшыларға, қолбасшыларға, Министрге тікелей бағынысты құрылымдық бөлімше бастықтарына, Бас штаб бастығы мен Министрдің орынбасарларына беріледі.
9. Авиацияның ұшқыш құрамы мен авиация мамандарына далалық свитер мен далалық маусымдық күртеше берілмейді. Одан басқа, 1 (дана, жиынтық және жұп) далалық кепи, далалық жазғы костюм мен далалық жазғы бәтеңке 3 жылға беріледі, далалық малақай мен снуд, 1 жиынтық (жұп) далалық қысқы костюм мен далалық қысқы бәтеңке 5 жылға, әскери басқару органының әскери қызметшісіне тактикалық бәтеңке (кроссовки) 5 жылға беріледі.
10. Жауынгерлік кезекшілік атқаратын әскери қызметшіге 2 дана футболка орнына 2 дана поло футболка беріледі.
11. 1 дана қара жусан түстес күнделікті фуражка күнделікті және салтанатты киім нысаны үшін беріледі.
12. Әуе қорғанысы күштерінде қара көк түсті фуражка, кепи, тері құлақшын, қысқы пальто, қысқы күртеше, мундир мен шалбар, китель мен шалбар, күнделікті костюм, юбка, галстук, футболка, ашық көк түсті күнделікті жейде беріледі.
13. Теңіз жаяу әскерінің бөлімі мен бөлімшесінің әскери қызметшісі үшін қара түсті берет, тері құлақшын және қаракөл құлақшын беріледі. Теңіз жаяу әскерінің бөлімі мен бөлімшесінің әскери қызметшісіне салтанатты жейде, қара түсті туфли және қара түсті қысқы қысқа қонышты етік берілмейді.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2025 жылғы 9 қыркүйектегі № 1236 бұйрығына 2-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 27 мамырдағы № 277 бұйрығымен бекітілген |
Келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін және Әскери-теңіз күштері бөлімшесінің аға және кіші офицер құрамын, әскери қызметші әйелдерді, қатардағы жауынгер және сержант құрамын заттай мүлікпен жабдықтаудың № 3 нормасы
Р/с № | Атауы | Өлшем бірлігі | 1 адамға зат саны | Жедел-стратегиялық әскери басқару органы, әскери кафедра (әскери факультет), әскери оқу орнының тұрақты құрамы, магистранты, адъюнкті мен докторанты | Алдыңғы бағанда көрсетілмеген әскери бөлім (мекеме) мен бөлімше | Қоймада шекті сақтау мерзімі (жыл) | Осы затты бергенде қолданылатын ескертпе № | ||
Келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін аға және кіші офицер құрамы, қатардағы жауынгер және сержант құрамы | Әскери қызметші әйелдер | Келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін аға және кіші офицер құрамы, қатардағы жауынгер және сержант құрамы | Әскери қызметші әйелдер | ||||||
Кию мерзімі | |||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | |||
1-тарау. Киім-кешек | |||||||||
1 | Екі тысы бар ақ түсті салтанатты фуражка | дана | 1 | 7 жыл | - | 7 жыл | - | 10 | 1 |
2 | Ақ түсті салтанатты әйелдер шляпасы | дана | 1 | - | 7 жыл | - | 7 жыл | 10 | 1 |
3 | Қара түсті күнделікті кепи | дана | 1 | 1 жыл | 1 жыл | 1 жыл | 1 жыл | 10 | - |
4 | Бүркеніш түсті далалық кепи | дана | 1 | 5 жыл | 5 жыл | 5 жыл | 5 жыл | 10 | - |
5 | Қара түсті тері құлақшын (полковник және 1-дәрежелі капитан үшін күнқағары бар қара түсті қаракөл малақай) | дана | 1 | 3 жыл | 3 жыл | 3 жыл | 3 жыл | 10 | 1 |
6 | Далалық малақай пен снуд | жиынт. | 1 | 5 жыл | 5 жыл | 5 жыл | 5 жыл | 10 | 1 |
7 | Термоқорғанышты малақай-маска | дана | 1 | - | - | 2 | 2 | 10 | 3 |
8 | Ақ түсті салтанатты тужурка мен шалбар | жиынт. | 1 | 7 жыл | 7 жыл | 7 жыл | 7 жыл | 10 | 1 |
9 | Қара түсті салтанатты тужурка мен шалбар | жиынт. | 1 | 7 жыл | 7 жыл | 7 жыл | 7 жыл | 10 | - |
10 | Күнделікті костюм | жиынт. | 1 | 2 жыл | 2 жыл | - | - | 10 | - |
11 | Қысқа жеңді күнделікті костюм | жиынт. | 1 | 3 жыл | 3 жыл | - | - | 10 | |
12 | Қара түсті маусымдық күртеше | дана | 1 | 4 жыл | 4 жыл | 4 жыл | 4 жыл | 10 | - |
13 | Белгіленген түсті юбка | дана | 1 | - | 2 жыл | - | 2 жыл | 10 | - |
14 | Қара түсті жағалы қара түсті қысқы пальто (1-дәрежелі капитанда және полковникте қара түсті қаракөл жаға) | дана | 1 | 7 жыл | 7 жыл | 7 жыл | 7 жыл | 10 | 1 |
15 | Қара түсті қысқы күртеше | дана | 1 | 3 жыл | 3 жыл | 7 жыл | 7 жыл | 10 | - |
16 | Бүркеніш түсті далалық костюм | жиынт. | 1 | 5 жыл | 5 жыл | 5 жыл | 5 жыл | 10 | - |
17 | Бүркеніш түсті далалық қысқы костюм | жиынт. | 1 | 5 жыл | 5 жыл | 5 жыл | 5 жыл | 10 | - |
18 | Белгіленген түсті арнайы теңіз костюмі | жиынт. | 1 | 1 жыл | 1 жыл | 1 жыл | 1 жыл | 10 | 4 |
19 | Белгіленген түсті қысқы арнайы теңіз костюмі | жиынт. | 1 | 4 жыл | 4 жыл | 3 жыл | 3 жыл | 10 | - |
20 | Белгіленген түсті дауылдық арнайы теңіз костюмі | жиынт. | 1 | - | - | 3 жыл | 3 жыл | 10 | 3 |
21 | Белгіленген түсті теңіз свитері | дана | 1 | 4 | 4 | 3 | 3 | 10 | - |
22 | Салтанатты кашне | дана | 1 | 7 жыл | 7 жыл | 7 жыл | 7 жыл | 10 | 1 |
23 | Салтанатты қолғап | жұп | 1 | 7 жыл | 7 жыл | 7 жыл | 7 жыл | 10 | 1 |
24 | Салтанатты қысқы қолғап | жұп | 1 | 7 жыл | 7 жыл | 7 жыл | 7 жыл | 10 | 1 |
25 | Белгіленген түсті жұмыс қолғабы | жұп | 1 | - | - | 1 жыл | 1 жыл | 10 | 3 |
26 | Термо қорғаныш қолғабы | жұп | 1 | - | - | 3 | 3 | 10 | 3 |
2-тарау. Аяқ киім | |||||||||
27 | Қара түсті қысқа қонышты бәтеңке | жұп | 1 | 1 жыл | - | 1 жыл | - | 10 | 1,6 |
28 | Қара түсті туфли | жұп | 1 | - | 1 жыл | - | 1 жыл | 10 | 1,6 |
29 | Қара түсті қысқы қысқа қонышты етік | жұп | 1 | 2 жыл | - | 2 жыл | - | 10 | 1 |
30 | Қара түсті қысқы қысқа қонышты әйелдер етігі | жұп | 1 | - | 2 жыл | - | 2 жыл | 10 | 1 |
31 | Құм түстес далалық жазғы бәтеңке | жұп | 1 | 5 жыл | 5 жыл | 5 жыл | 5 жыл | 10 | - |
32 | Қара түсті қысқы далалық бәтеңке | жұп | 1 | 5 жыл | 5 жыл | 5 жыл | 5 жыл | 10 | - |
33 | Белгіленген түсті сандалеты (сырғымайтын ұлтанмен) | жұп | 1 | - | - | 1 жыл | 1 жыл | 10 | 3 |
34 | Белгіленген түсті қысқы бәтеңке (сырғымайтын ұлтанмен) | жұп | 1 | - | - | 2 жыл | 2 жыл | 10 | 3 |
35 | Белгіленген түсті резеңке етік (сырғымайтын ұлтанмен) | жұп | 1 | - | - | 3 жыл | 3 жыл | 10 | 3 |
3-тарау. Ішкиім | |||||||||
36 | Салтанатты жейде | дана | 2 | 5 жыл | 5 жыл | 5 жыл | 5 жыл | 10 | 1 |
37 | Қара түсті салтанатты галстук | дана | 1 | 5 жыл | 5 жыл | 5 жыл | 5 жыл | 10 | 1 |
38 | Қара көк түсті жолақты қысқа жеңді тельняшка | дана | 2 | 1 жыл | 1 жыл | 1 жыл | 1 жыл | 10 | - |
39 | Қара көк түсті жолақты жеңді тельняшка | дана | 2 | 1 жыл | 1 жыл | 1 жыл | 1 жыл | 10 | - |
4-тарау. Амуниция | |||||||||
40 | Кездік үшін бекітпесі бар салтанатты белдік | дана | 1 | 7 жыл | 7 жыл | 7 жыл | 7 жыл | 10 | 1 |
41 | Далалық белбеу (белдікті) | дана | 1 | 6 жыл | 6 жыл | 4 жыл | 4 жыл | 10 | - |
42 | Далалық сөмке | дана | 1 | 7 жыл | 7 жыл | 7 жыл | 7 жыл | 10 | 2 |
43 | Салтанатты аксельбант | дана | 1 | 7 жыл | 7 жыл | 7 жыл | 7 жыл | 10 | 1 |
44 | Галстукке қыстырма | дана | 1 | 7 жыл | - | 7 жыл | - | 10 | 1 |
Ескертпе:
Әскерді уақтылы қамтамасыз ету үшін жабдықтау жоспары бойынша орталық база мен қоймада жылдық қажеттіліктен 50 пайыз мөлшерінде ауыспалы зат қорын ұстау қажет, оның ішінде мүліктің 1 пайыз мөлшерінде өкілдік шығысқа қолдануға жол беріледі.
Әскерді уақтылы қамтамасыз ету үшін жабдықтау жоспары бойынша әскери бөлімнің қоймасында шақтап пішу және бойын келтіру үшін осы заттарға жылдық (біржолғы) қажеттіліктен 10 пайыз мөлшерінде киім-кешек пен аяқ киімнің дайын заттарының азаймайтын қорын ұстау қажет. Одан басқа, әскери қызметшілерді ағымдағы жабдықталмауын қамтамасыз ету үшін киім-кешек пен аяқ киімнің дайын заттарының азаймайтын қорын ұстау қажет.
Жаңа үлгілерге кезең-кезеңімен көшу шеңберінде әскери киім үлгілерінің стилі мен түсін ауыстыру кезінде әскери қызметшілерге бұрын киілген киімдерді беруге жол беріледі.
ӘТК теңіз-жаяу әскерінің бөлімі мен бөлімшесінің келісімшарт бойынша аға және кіші офицер құрамы, қатардағы жауынгер және сержант құрамы теңіз жаяу әскерінің әскери қызметшісіне тиесілі заттармен № 2 жабдықтау нормасы бойынша қамтамасыз етіледі.
Қатардағы жауынгер және сержант құрамына келісімшарт бойынша әскери қызметтің алғашқы жылында тек далалық киім-кешек жиынтығы, аяқ киім, ішкиім және амуниция беріледі.
Арнайы мүлікпен, азаматтық киіммен, ішкиіммен, аяқ киіммен, амунициямен, альпинистік (тау) жарағымен жабдықтаудың № 9 нормасы (бұдан әрі – 9 жабдықтау нормасы) бойынша заттай мүлікті алатын арнайы мақсаттағы бөлім мен бөлімшенің әскери қызметшісі далалық киім-кешекпен, аяқ киіммен, ішкиіммен және амунициямен қамтамасыз етілмейді.
Келісімшарт бойынша қатардағы жауынгер және сержант құрамына офицер әскери атағы берілгенде бұрын берілген заттарды кию мерзімі қамтамасыз етілді деп саналады.
Әскери қызметшіге бала күтімі бойынша демалысқа кеткенде заттай мүлікті кию мерзімі тоқтатыла тұрады, демалыстан шыққанда қайта басталады.
Ерекшелік белгісі мен жапсыра тігілетін айырым белгісі әскери киім нысанымен жиынтықта жүреді.
1. ҚР ҮҚ-ға сәйкес әскери парадқа (өткізілетін іс-шара мазмұнына сәйкес), салтанатты іс-шараға, халықаралық келіссөзге және шетел делегациясымен кездесуге қатысушылар Министр орынбасарының нұсқауы бойынша қосымша салтанатты, далалық киім нысанының заттарымен, аяқ киіммен, амунициямен және айырым белгісімен қамтамасыз етіледі. Бұл ретте қысқы пальто салтанатты кашне және салтанатты қысқы қолғап тек әскери парад қыста өткізгенде беріледі. Сонымен қатар, осы іс-шараны өткізу үшін белгіленбеген үлгідегі киім нысанын, аяқ киімді, амуниция мен айырым белгісін сатып алуға жол беріледі. Одан басқа, халықаралық оқу-жаттығуға қатысушыларға Министр орынбасарының нұсқауы бойынша далалық киім нысанының заттары мен аяқ киімді қосымша беруге жол беріледі.
2. Офицер және сержант лауазымындағы әскери қызметшілерге беріледі.
3. Катерде, суүсті (күзет) кораблінде қызмет өткеретін әскери қызметшіге, сондай-ақ ӘТК бөлімі мен бөлімшесінің қарап-тексеру тобына беріледі.
4. Тактикалық буын әскери қызметшісіне 2 жиынтық бір жылға беріледі
5. Жауынгерлік кезекшілік атқаратын әскери қызметшіге 2 дана жеңсіз тельняшка орнына 2 дана поло футболкасы беріледі
6. Келісімшарт бойынша әскери қызметшіге және әскерге шақыру бойынша офицерге (теңіз жаяу әскерінен басқа) қосымша ақ түсті салтанатты киім нысанына 1 жұп ақ түсті қысқа қонышты бәтеңке (туфли) 7 жылға беріледі.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2025 жылғы 9 қыркүйектегі № 1236 бұйрығына 3-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 27 мамырдағы № 277 бұйрығымен бекітілген |
Әскери оқу орнының курсантын, кадетін, ұланын, әскерге шақыру бойынша қатардағы жауынгер және сержант құрамын, әскери жиынға шақырылған запастағы офицерді, қатардағы жауынгер және сержант құрамын және резервте қызмет өткеретін әскери қызметшіні (ӘТК-ден басқа) заттай мүлікпен жабдықтаудың № 4 нормасы
Р/с № | Атауы | Өлшем бірлігі | 1 адамға зат саны | Курсант | Кадет (ұлан), | Әскерге шақыру бойынша қатардағы жауынгер және сержант құрамы | Әскери жиынға шақырылған әскери міндеті | Резервте қызмет өткеретін әскери қызметші | Қоймада шекті сақтау мерзімі | Осы затты бергенде қолданылатын ескертпе № |
Кию мерзімі | ||||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | ||||
1-тарау. Киім-кешек | ||||||||||
1 | Қара жусан түстес тері құлақшын | дана | 1 | 2 жыл | оқу мерзіміне | қызмет мерзіміне | жиын кезеңіне | 1-келісімшарт кезеңіне | 10 | 3, 5, 10, 12 |
2 | Қара жусан түстес берет | дана | 1 | 2 жыл | оқу мерзіміне | қызмет мерзіміне | - | - | 10 | 1, 5, 8, 12 |
3 | Бүркенші түсті далалық панама | дана | 1 | 1 жыл | 1 жыл | 1 жыл | жиын кезеңіне | 1-келісімшарт кезеңіне | 10 | 1, 2, 3, 4, 9, 10 |
4 | Далалық малақай пен снуд | жиынт. | 1 | 2 жыл | оқу мерзіміне | қызмет мерзіміне | жиын кезеңіне | 1-келісімшарт кезеңіне | 10 | 3, 4, 5, 7, 10 |
5 | Белгіленген түсті жұмыс кепиі | дана | 1 | - | - | қызмет мерзіміне | - | - | 10 | 2 |
6 | Қара жусан түстес китель мен шалбар | жиынт. | 1 | оқу мерзіміне | оқу мерзіміне | - | - | - | 10 | 12- |
7 | Қара түсті салтанатты костюм (теңіз жаяу әскері үшін) | жиынт. | 1 | - | - | қызмет мерзіміне | - | - | 10 | 6 |
8 | Бүркеніш түсті далалық костюм | жиынт. | 2 | 1 жыл | 1 жыл | 1 жыл | жиын кезеңіне | 1-келісімшарт кезеңіне | 10 | 2, 3, 4, 9, 10, 11 |
9 | Қара жусан түстес қысқы күртеше | жиынт. | 1 | оқу мерзіміне | оқу мерзіміне | - | - | - | 10 | 12 |
10 | Қара түсті қысқы салтанатты костюм (теңіз жаяу әскері үшін) | жиынт. | 1 | - | - | қызмет мерзіміне | - | - | 10 | 6 |
11 | Бүркеніш түсті далалық қысқы костюм | жиынт. | 1 | 2 жыл | оқу мерзіміне | қызмет мерзіміне | жиын кезеңіне | 1-келісімшарт кезеңіне | 10 | 2, 3, 4, 5, 7, 9, 10 |
12 | Бас киімі бар спорттық костюм | жиынт. | 1 | 2 жыл | оқу мерзіміне | - | - | - | 10 | 5 |
13 | Жұмыс костюмі | жиынт. | 1 | - | - | қызмет мерзіміне | - | - | 10 | 2 |
14 | Қысқы жұмыс костюмі | жиынт. | 1 | - | - | қызмет мерзіміне | - | - | 10 | 2 |
2-тарау. Аяқ киім | ||||||||||
15 | Қара түсті бәтеңке | жұп | 1 | оқу мерзіміне | оқу мерзіміне | - | - | - | 10 | 8 |
16 | Қара түсті қысқы бәтеңке | жұп | 1 | оқу мерзіміне | оқу мерзіміне | - | - | - | 10 | 8 |
17 | Қара түсті далалық жазғы бәтеңке | жұп | 1 | 1 жыл | 1 жыл | 1 жыл | жиын кезеңіне | 1-келісімшарт кезеңіне | 9 | 3, 4, 9, 10, 11 |
18 | Қара түсті қысқы далалық бәтеңке | жұп | 1 | 2 жыл | оқу мерзіміне | қызмет мерзіміне | жиын кезеңіне | 1-келісімшарт кезеңіне | 10 | 5, 7, 10 |
19 | Спорттық кроссовки | жұп | 1 | 2 жыл | оқу мерзіміне | - | - | - | 10 | 7 |
20 | Тапочки | жұп | 1 | 2 жыл | оқу мерзіміне | қызмет мерзіміне | жиын кезеңіне | 1-келісімшарт кезеңіне | 10 | 3, 5, 10 |
3-тарау. Ішкиім | ||||||||||
21 | Ашық жусан түстес жейде | дана | 1 | 2 жыл | оқу мерзіміне | - | - | - | 10 | 5, 7, 8, 12 |
22 | Қара жусан түстес галстук | дана | 1 | оқу мерзіміне | оқу мерзіміне | - | - | - | 10 | 8, 12 |
23 | Ішкиім | жиынт. | 2 | 1 жыл | 1 жыл | 1 жыл | жиын кезеңіне | 1-келісімшарт кезеңіне | 10 | 1, 3, 10 |
24 | Зәйтүн түстес футболка | дана | 4 | 1 жыл | 1 жыл | 1 жыл | жиын кезеңіне | 1-келісімшарт кезеңіне | 10 | 1, 3, 4, 10 |
25 | Трусы | дана | 4 | 1 жыл | 1 жыл | 1 жыл | жиын кезеңіне | 1-келісімшарт кезеңіне | 10 | 3, 10 |
26 | Қол орамал | дана | 4 | 1 жыл | 1 жыл | 1 жыл | - | - | 10 | - |
27 | Жаға астары | дана | 52 | 1 жыл | 1 жыл | 1 жыл | жиын кезеңіне | 1-келісімшарт кезеңіне | 10 | 3, 10 |
28 | Жазғы ұйық | жұп | 52 | 1 жыл | 1 жыл | 1 жыл | жиын кезеңіне | 1-келісімшарт кезеңіне | 10 | 3, 10 |
29 | Футболка мен спорттық шорты | жиынт. | 1 | 2 жыл | оқу мерзіміне | - | - | - | 10 | 5 |
30 | Салтанатты қолғап | жұп | 1 | 2 жыл | оқу мерзіміне | қызмет мерзіміне | - | - | 10 | 5, 7 |
4-тарау. Жылы заттар | ||||||||||
31 | Термоішкиім | жиынт. | 2 | 1 жыл | 1 жыл | 1 жыл | жиын кезеңіне | 1-келісімшарт кезеңіне | 10 | 1, 3, 10 |
32 | Термоұйық | жұп | 20 | 1 жыл | 1 жыл | 1 жыл | жиын кезеңіне | 1-келісімшарт кезеңіне | 10 | 3, 10 |
33 | Қысқы қолғап | жұп | 2 | 1 жыл | 1 жыл | 1 жыл | жиын кезеңіне | 1-келісімшарт кезеңіне | 10 | 3, 10 |
34 | Салтанатты қысқы қолғап | жұп | 1 | оқу мерзіміне | оқу мерзіміне | қызмет мерзіміне | - | - | 10 | - |
5-тарау. Амуниция | ||||||||||
35 | Галстукке қыстырма | дана | 1 | оқу мерзіміне | оқу мерзіміне | - | - | - | - | - |
36 | Далалық белбеу | дана | 1 | оқу мерзіміне | оқу мерзіміне | қызмет мерзіміне | жиын кезеңіне | 1-келісімшарт кезеңіне | 10 | 3, 4, 10 |
37 | Шалбар белбеуі | дана | 1 | 2 жыл | оқу мерзіміне | қызмет мерзіміне | жиын кезеңіне | 1-келісімшарт кезеңіне | 10 | 3, 5, 10 |
Ескертпе:
Әскерді уақтылы қамтамасыз ету үшін жабдықтау жоспары бойынша орталық база мен қоймада жылдық қажеттіліктен 50 пайыз мөлшерінде ауыспалы зат қорын ұстау қажет, оның ішінде мүліктің 1 пайыз мөлшерінде өкілдік шығысқа қолдануға жол беріледі.
Әскерді уақтылы қамтамасыз ету үшін жабдықтау жоспары бойынша әскери бөлімнің қоймасында шақтап пішу және бойын келтіру үшін осы заттарға жылдық (біржолғы) қажеттіліктен 10 пайыз мөлшерінде киім-кешек пен аяқ киімнің дайын заттарының азаймайтын қорын ұстау қажет.
Жаңа үлгілерге кезең-кезеңімен көшу шеңберінде әскери киім үлгілерінің стилі мен түсін ауыстыру кезінде әскери қызметшілерге бұрын киілген киімдерді беруге жол беріледі.
ҚР ҮҚ-ға сәйкес әскери парадқа (өткізілетін іс-шара мазмұнына сәйкес), салтанатты іс-шараға, халықаралық келіссөзге және шетел делегациясымен кездесуге қатысушылар Министр орынбасарының нұсқауы бойынша қосымша салтанатты, далалық киім нысанының заттарымен, аяқ киіммен, амунициямен және айырым белгісімен қамтамасыз етіледі. Бұл ретте қысқы пальто салтанатты кашне және салтанатты қысқы қолғап тек әскери парад қыста өткізгенде беріледі. Сонымен қатар, осы іс-шараны өткізу үшін белгіленбеген үлгідегі киім нысанын, аяқ киімді, амуниция мен айырым белгісін сатып алуға жол беріледі. Одан басқа, халықаралық оқу-жаттығуға қатысушыларға Министр орынбасарының нұсқауы бойынша далалық киім нысанының заттары мен аяқ киімді қосымша беруге жол беріледі.
Әскери оқу орнының курсантына, кадетіне (ұланына) әскери бөлім (мекеме) тұрған гарнизонның әскери-медициналық (госпиталь, лазарет) бөлімшесінде, ал осы ол гарнизонда болмағанда тіркелген әскери-медициналық (медициналық) бөлімшеде жүргізілген антропометриялық өлшем анықтамасы (антропометриялық деректе елеулі өзгеріс болғанда) және әскери бөлім (мекеме) командирінің (бастығының) бұйрығы негізінде заттай мүлік заттарын мерзімінен бұрын беруге жол беріледі.
Курсантқа, кадетке (ұланға), әскерге шақыру бойынша қатардағы жауынгер және сержант құрамына қазаннан бастап наурыз айына дейін 4 жұп термоұйық беріледі. Екі жұп жазғы ұйық екі аптаға беріледі.
Жапсыра тігілетін айырым белгісі әскери киім нысаны жиынтығымен бірге жүреді.
1. Әскери оқу орнында (ДШӘ кафедрасында) білім алатын курсантқа, ДШӘ қатардағы жауынгер және сержант құрамына, теңіз жаяу әскері мен арнайы мақсаттағы бөлімі мен бөлімшесінде далалық панама орнына берет, ішкиім орнына белгіленген түсті тельняшка мен ішкиім кальсоны, термоішкиім орнына жылы тельняшка мен жылы кальсон, ал футболка орнына жеңсіз тельняшка беріледі. Сонымен қатар, курсантқа, кадетке (ұланға), тәрбиеленушіге, әскерге шақыру бойынша қатардағы жауынгер және сержант құрамына далалық панама орнына далалық кепи беруге жол беріледі.
2 Жұмыс кепиі орнына бүркеніш түсті 2-санаттағы далалық панама, жұмыс костюмі орнына бүркеніш түсті 2-санаттағы далалық костюм, бас киімі бар қысқы жұмыс костюмі орнына бүркеніш түсті 2-санаттағы қысқы далалық костюм, сонымен қатар ұқсас сипаттама бойынша белгіленбеген үлгідегі және жабдықтау нормасында көзделмеген әскери киім нысанын беруге жол беріледі.
3. Әскери жиынға шақырылған әскери міндеттіге әскери жиын кезеңіне заттай мүлік заттары мынадай мөлшерде беріледі: бүркеніш түсті далалық кепи 1 дана, далалық малақай мен снуд 1 жиынтық, бүркеніш түсті далалық костюм 1 жиынтық, бүркеніш түсті далалық қысқы костюм 1 жиынтық, далалық жазғы бәтеңке 1 жұп, далалық қысқы бәтеңке 1 жұп, тапочки 1 жұп, ішкиім 2 жиынтық, футболка 2 дана, трусы 2 дана, жаға астары 2 дана, жазғы ұйық 2 жұп, термоішкиім 2 жиынтық, термоұйық 2 жұп, қысқы қолғап 1 жұп, далалық белбеу 1 дана, шалбар белбеуі 1 дана. Бұл ретте далалық малақай мен снуд, бүркеніш түсті далалық қысқы костюм, далалық қысқы бәтеңке, ішкиім, термоішкиім, термоұйық, қысқы қолғап қысқы оқу кезеңінде беріледі. Сонымен қатар, жазғы оқу кезеңінде суық түскенде гарнизон бастығының бұйрығына сәйкес қысқы киім нысанына белгіленген мерзімнен ерте көшуге және қысқы киім-кешек заттарын беруге жол беріледі.
4. "Жас сарбаз" әскери-спорттық және патриоттық жиынына қатысатын Әскери колледж кадетіне, ұланына, сондай-ақ "Жас сарбаз" есептобының қатысушысына құм түстес далалық панама, құм түстес далалық костюм, құм түстес далалық қысқы костюм, құм түстес далалық жазғы бәтеңке, құм түстес футболка мен құм түстес далалық белбеу беріледі.
5. 5 жылдық оқу мерзіміндегі курсантқа мерзімі екі жыл заттай мүлік заттары оқу кезеңіне екі данадан (тиісінше жұптан, жиынтықтан) беріледі.
6. Тек теңіз жаяу әскері бөлімі мен бөлімшесінің әскери қызметшісіне беріледі.
7. Кадетке (ұланға) оқу мерзіміне тиісінше 2 (екі) (жиынтықтан, данадан, жұптан) далалық малақай мен снуд, бүркеніш түсті далалық қысқы костюм, далалық қысқы бәтеңке, спорттық кроссовки, белгіленген түсті жейде мен салтанатты қолғап беріледі.
8. Курсантқа (әскери қызметші әйелдерге) берет орнына әйелдер шляпасы, бәтеңке орнына туфли, қысқы бәтеңке орнына қысқы қысқа қонышты етік, жейде орнына әйелдер жейдесі және галстук орнына әйелдер галстугі беріледі. Сонымен қатар, оқу мерзіміне қосымша 1 дана белгіленген түсті юбка беріледі. Одан басқа, футболка орнына спорттық майкамен қамтамасыз етуге жол беріледі.
9. Әскерге шақыру бойынша қатардағы жауынгер және сержант құрамына қосымша салтанатты киім нысаны ретінде күзгі әскерге шақырылушыларға бүркеніш түсті далалық костюм мен бүркеніш түсті далалық қысқы костюм, көктемгі әскерге шақырылушыларға бүркеніш түсті далалық панама, бүркеніш түсті далалық костюм және қара түсті далалық жазғы бәтеңке (теңіз жаяу әскеріне тек қана далалық жазғы бәтеңке) беріледі.
10. Бір келісімшарт кезеңіне (3 жыл) резервте қызмет өткеретін әскери қызметшіге заттай мүліктің мынадай заттары беріледі: жүн құлақшын, бүркеніш түсті далалық панама 1 дана, далалық малақай мен снуд 1 жиынтық, бүркеніш түсті далалық костюм 1 жиынтық, бүркеніш түсті далалық қысқы костюм 1 жиынтық, далалық жазғы бәтеңке 1 жұп, далалық қысқы бәтеңке 1 жұп, тапочки 1 жұп, ішкиім 2 жиынтық, футболка 6 дана, трусы 6 дана, жаға астары 6 дана, жазғы ұйық 6 жұп, термоішкиім 2 жиынтық, термоұйық 6 жұп, қысқы қолғап 3 жұп. Далалық шалбар белбеуі 2 келісімшарт кезеңіне беріледі.
11. Теңіз жаяу әскері бөлімі мен бөлімшесінің әскерге шақыру бойынша қатардағы жауынгер және сержант құрамына салтанатты киім-кешекке қосымша қара түсті далалық бәтеңке беріледі.
12. ҚК ӘҚК-да қара көк түсті берет, жүн құлақшын, қысқы күртеше, китель мен шалбар, галстук, ашық көк түсті жейде беріледі.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2025 жылғы 9 қыркүйектегі № 1236 бұйрығына 4-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы | |
Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 27 мамырдағы № 277 бұйрығымен бекітілген |
Жуыну керек-жарағымен жабдықтаудың № 14 нормасы
Р/с № | Материалдық құрал атауы | Өлшем бірлігі | Қамтамасыз етілетін контингент | Қоймада шекті сақтау мерзімі (жылмен) | Осы затты бергенде қолданылатын ескертпе № | ||||||
Әскерге шақыру бойынша қатардағы жауынгер және сержант құрамы, әскери оқу орнының курсанты, кадеты (ұланы) | Әскери жиынға шақырылған әскери міндетті мен резервте қызмет өткеретін әскери қызметші | Аспаз, наубайшы және астананың қосалқы жұмысшысы | Тамақтануға құқығы бар келісімшарт бойынша әскери қызметші мен әскерге шақыру бойынша офицер | Жауынгерлік кезекшілік атқарғанда келісімшарт бойынша әскери қызметші мен әскерге шақыру бойынша офицер | Әскери-медициналық (медициналық) және ветеринариялық) бөлімшенің медициналық қызметкері | Механик, моторист, жүргізуші, таркторист, танк және өздігінен жүретін артиллериялық қондырғы экипажы, іске қосу және радиолокациялық станция экипажы, шеберхана және қойма жұмыскері, дезинфекция жасаушы, қызметтік ит нұсқаушысы мен жетекшісі, слесарь, ұста, вулканизаторшы, зертханашы, тиеуші, арбакеш, әбзелші, токарь, аккумуляторшы, сапер, сырлаушы, баспахана терушісі, басып теруші, от жағушы, дизельші, инженерлік-техникалық құрам инженерлік-әуеайлақ қызметі маманы, машинист, трюмші, электрик, торпедашы, моторист, минашы және сүңгуір | |||||
1 | Қатты иіссабын | грамм, 1 айға | 400 | 400 | 100 | 100 | 100 | 100 | - | жасаушы зауыттың кепілдігі бойынша | 1, 2, 8 |
2 | Дәретхана қағазы | орам, 1 айға | 2 | 2 | - | - | - | - | - | жасаушы зауыттың кепілдігі бойынша | 3, 8 |
3 | Тіс пастасы | тюбик, 1 айға | 1 | 1 | - | - | - | - | - | жасаушы зауыттың кепілдігі бойынша | 4, 8 |
4 | Қатты кір сабын | грамм 1 айға | - | - | - | - | - | - | 100 | жасаушы зауыттың кепілдігі бойынша | 5, 6, 7 |
5 | Қырыну станогы | дана, 1 айға | 2 | - | - | - | - | - | - | жасаушы зауыттың кепілдігі бойынша | - |
6 | Тіс щеткасы | дана, 6 айға | 2 | - | - | - | - | - | - | жасаушы зауыттың кепілдігі бойынша | - |
7 | Монша жуынғышы (жөке) | дана, 6 айға | 1 | - | - | - | - | - | - | жасаушы зауыттың кепілдігі бойынша | - |
8 | Жуыну керек-жарағын салатын сөмке | дана | 1 | - | - | - | - | - | - | жасаушы зауыттың кепілдігі бойынша | 9 |
9 | Тіс щеткасын салатын тыс | дана | 1 | - | - | - | - | - | - | жасаушы зауыттың кепілдігі бойынша | 9 |
10 | Иіссабын салатын тыс (сабын салғыш) | дана | 1 | - | - | - | - | - | - | жасаушы зауыттың кепілдігі бойынша | 9 |
11 | Тырнақ алғыш | дана | 1 | - | - | - | - | - | - | жасаушы зауыттың кепілдігі бойынша | 9 |
12 | Қалта айнасы | дана | 1 | - | - | - | - | - | - | жасаушы зауыттың кепілдігі бойынша | 9 |
13 | Тарақ | дана | 1 | - | - | - | - | - | - | жасаушы зауыттың кепілдігі бойынша | 9 |
Ескертпе:
Әскерді уақтылы қамтамасыз ету үшін орталық база мен қоймада жылдық қажеттіліктен 50 %-ға дейін, ал әскери бөлімде 30 %-ға дейін ауыспалы қор ұстау қажет.
1. Қатты иіс сабынның бір бөлігінің номиналдық көлемі 100 грамм.
2. Қатты иіс сабын болмағанда оның орнына қатты кір сабын беруге жол беріледі.
3. Дәретхана қағазы бір орамының ұзындығы кемінде 50 метр.
4. Тіс пастасы бір тубигінің көлемі кемінде 90 грамм.
5. Қатты кір сабын болмағанда оның орнына қатты иіс сабын беруге жол беріледі.
6. Ортақ пайдаланылатын жерге беріледі.
7. Келісімшарт бойынша әскери қызметшіге және әскерге шақыру бойынша офицерге беріледі.
8. Резервте қызмет өткеретін әскери қызметшіге гигиеналық құрал тек 20 тәуліктен астам мерзімге беріледі.
9. Әскери оқу орнының курсантына, кадетіне (ұланын) 1 жылға 1 дана жуыну керек-жарағы салынатын сөмке, тіс щеткасын салатын тыс, сабын салатын тыс, қалта айнасы мен тарақ, ал қатардағы жауынгер және сержант құрамына қызмет өткеру мерзіміне беріледі.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2025 жылғы 9 қыркүйектегі № 1236 бұйрығына 5-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы | |
Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 27 мамырдағы № 277 бұйрығымен бекітілген |
Аяқ киім жақпамайымен және шаруашылық керек-жарағымен жабдықтаудың № 16 нормасы
Р/с № | Материалдық құрал атауы | Өлшем бірлігі | Қамтамасыз етілетін контингент | Қоймада шекті сақтау мерзімі (жылмен) | Осы затты бергенде қолданылатын ескертпе № | ||
Әскерге шақыру бойынша қатардағы жауынгер және сержант құрамы | Әскери оқу орнының курсанты, кадеті (ұланы) | Жиынға шақырылған әскери міндетті мен резервтегі қызмет өткеретін әскери қызметші | |||||
1 | Аяқ киім жақпамайы | 1 айға милилитр | 100 | 100 | 100 | жасаушы зауыттың кепілдігі бойынша | 3, 4 |
2 | Ақ түсті жіп | шарғы | 1 | 1 | 1 | жасаушы зауыттың кепілдігі бойынша | 1 |
3 | Аяқ киім керек-жарағына арналған сөмке | дана | қолданыс мерзіміне | 2 | - | жасаушы зауыттың кепілдігі бойынша | 2 |
4 | Шаруашылық жинақ | жиынтық | қолданыс мерзіміне | 1 | - | жасаушы зауыттың кепілдігі бойынша | 2 |
5 | Қорғаныш түсті жіп | шарғы | қолданыс мерзіміне | 1 | - | жасаушы зауыттың кепілдігі бойынша | 1, 2 |
6 | Қара түсті жіп | шарғы | қолданыс мерзіміне | 1 | - | жасаушы зауыттың кепілдігі бойынша | 1, 2 |
7 | Киім щеткасы | дана | қолданыс мерзіміне | 1 | - | жасаушы зауыттың кепілдігі бойынша | 2 |
8 | Аяқ киім щеткасы | дана | қолданыс мерзіміне | оқу мерзіміне | - | жасаушы зауыттың кепілдігі бойынша | 2 |
Ескертпе:
Әскерді уақтылы қамтамасыз ету үшін орталық база мен қоймада ауыспалы қорды – 50 пайызға дейін, ал әскери бөлімде – жылдық қажеттіліктің 30 пайызына дейін ұстау қажет.
1. Бір шарғыдағы жіптің ұзындығы – кемінде 200 метр. Әскерге шақыру бойынша қатардағы жауынгер мен сержант құрамына, әскери оқу орнының курсантына, кадетіне (ұланына) ақ түсті жіп бір шарғыдан алты айға беріледі.
2. Әскери оқу орнының курсантына, кадетіне (ұланы) шаруашылық жинақ, аяқ киім щеткасы, қорғаныш және қара түсті жіп 1 данадан 1 жылға, ал әскерге шақыру бойынша қатардағы жауынгер мен сержант құрамына қолданыс мерзіміне беріледі. Әскери оқу орнының курсантына, кадетіне (ұланы) аяқ киім керек-жарағын салатын сөмке оқу мерзіміне беріледі. Киім щеткасы 1 ротаға 8 данадан 2 жылға беріледі.
3. Резервтегі қызмет өткеретін әскери қызметшіге аяқ киім жақпамайы тек 20 тәуліктен асатын мерзімге жиын кезеңіне беріледі.
4. Аяқ киім жақпамайы қара түсті аяқ киімге беріледі.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2025 жылғы 9 қыркүйектегі № 1236 бұйрығына 6-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 27 мамырдағы № 277 бұйрығымен бекітілген |
Әскери киім нысаны заттарының жиынтығына кіретін фурнитура тізбесі
Р/с | Зат атауы | Жиынтыққа кіретін фурнитура | Есеп бірл. | Саны |
1 | Бас киім | кокарда | дана | 1 |
эмблемасы бар кокарда | дана | 1 | ||
төбеге эмблема (ӘҚК және ДШӘ әскери қызметшісінің фуражкасы үшін) | дана | 1 | ||
беретке жапсырма | дана | 1 | ||
беретке кокарда | дана | 1 | ||
белгіленген түсті бау (фуражка үшін) | дана | 1 | ||
фуражканың айнала жиегіне және күнқағарына тігіс (жоғары офицер құрамы үшін) | жиынт. | 1 | ||
фуражка күнқағарына ою-өрнек (ӘТК, құрмет қарауылы және оркестрдің әскери қызметшісі үшін) | жиынт. | 1 | ||
диаметр 14 мм түйме (фуражка үшін) | дана | 1 | ||
2 | Киім-кешек | погон (шағын погон) | жұп | 1 |
әскери атақ бойынша жұлдыз (жұлдызша, жапсырма) | жиынтық | 1 | ||
погонға диаметрі 14 мм түйме | дана | 1 | ||
"КZ" эмблемасы | дана | 1 | ||
Қарулы Күштерге, Қарулы Күштер түріне, әскер тегіне жеңдегі тиесілік белгісі (жейдеден басқа) | дана | 1 | ||
мундирдің (тужурканың) жағасына және қайырмасына тігіс (жоғары офицер құрамы үшін) | жиынтық | 1 | ||
Мемлекеттік тиесілікті білдіретін айырым белгісі | дана | 1 | ||
ӘТК корабльдік құрамының офицер құрамы үшін әскери атағы бойынша тужуркаға жеңдегі белгі | жұп | 1 | ||
Курсанттар мен кадеттер (ұлан) үшін оқу курсы бойынша жеңдегі белгі (жейдеден басқа) | дана | 1 | ||
ӘТК офицер құрамына салтанатты қара түсті тужурканың жағасына зәкірі бар ою-өрнек | жұп | 1 | ||
келісімшарт бойынша қызмет өткеретін ӘТК қатардағы жауынгер және сержант құрамының салтанатты қара түсті тужуркасының жағасына зәкірі бар ою-өрнек | жұп | 1 | ||
келісімшарт бойынша қызмет өткеретін ӘТК қатардағы жауынгер және сержант құрамының | жұп | 1 | ||
күнделікті және салтанатты қара түсті тужуркасына қызмет жылдары бойынша жеңдегі белгі | ||||
әскери атағын көрсетумен далалық киім-кешекке жеңдегі жапсырма | дана | 1 | ||
далалық киім-кешекке "Қан тобы" кеуде жапсырмасы | дана | 1 | ||
сыныптық кеуде белгісі | дана | 1 | ||
әскери оқу орнын бітіргені туралы кеуде белгісі | дана | 1 |
Ескертпе:
Фурнитура тағу мерзіміне нысанды киімнің тиісті затына беріледі. Әскери оқу орнын бітіргені туралы төсбелгі оқу орнын бітіргеннен кейін бір рет беріледі. Сыныптық төсбелгісі әскери қызметшіге бірінші және кейінгі сыныптылықтың кезекті берілуі бойынша беріледі.