"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери киім нысанын киіп жүру және айырым белгілерін, сондай-ақ басқа да белгілерді тағып жүру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 тамыздағы № 476 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2025 жылғы 29 тамыздағы № 1182 бұйрығы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери киім нысанын киіп жүру және айырым белгілерін, сондай-ақ басқа да белгілерді тағып жүру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 тамыздағы № 476 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15803 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 23-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:".

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери киім нысанын киіп жүру және айырым белгілерін, сондай-ақ басқа да белгілерді тағып жүру қағидалары:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мерзімді әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер, әскери оқу орны (әскери факультет) курсанттары, әскери колледж кадеттері, әскери ұландары мынадай әскери киім нысанын киеді:";

      6-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) әскери қызметшілерге әскери киім нысаны киюге берілгенде оны мұқият үйлестіріп пішуді, мерзімді әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерге, әскери оқу орны (әскери факультет) курсанттарына, әскери колледж кадеттеріне, әскери ұландарына бекітіліп берілген мүлікке таңба қоюды ұйымдастырады;";

      2) барлық бөлімшеде тұрмыстық қызмет көрсету бөлмесін, киім-кешек пен аяқ киім кептіретін бөлмені, рота мүлкі және мерзімді әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілердің, әскери оқу орны (әскери факультет) курсанттарының, әскери колледж кадеттерінің, әскери ұландарының жеке заттары сақталатын қойманы жабдықтау бойынша шаралар қабылдайды, киім-кешек пен аяқ киім заттарын уақтылы жууды және жөндеуді қамтамасыз етеді;";

      25-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әскери оқу орнының курсанттары, кадеттері, ҰҚК Шекара академиясында ашық жасыл түсті, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінде қызғылт-сары түсті, Десанттық-шабуылдау әскерлерінің мамандығы бойынша білім алатындар көгілдір түсті берет киіп жүреді.";

      37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "37. Стратегиялық, жедел-стратегиялық, жедел-тактикалық, жедел-аумақтық, жергілікті әскери басқару органында қатардағы жауынгер, сержант және офицер құрамының лауазымында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін және әскери кафедра (әскери факультет), ҰҚК Шекара қызметі шекаралық бақылау бөлімшесі, Авиация қызметі (оқшауланған құрылымдық бөлімшеден басқа), ҰҚК әскери полиция органы, әскери қатынастар органы әскери қызметшілерінің, әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін, әскери, арнаулы оқу орнының (оқу процесін қамтамасыз ету бөлімшесінен және курсанттан басқа), сондай-ақ ҚК, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар (бұдан әрі – басқару органы) әскери бөлімі (мекемесі, оқшауланған құрылымдық бөлімшесі) офицерлерінің, сондай-ақ ҚК, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар әскери бөлімдері (оқшауланған құрылымдық бөлімшенің мекемелері) (бұдан әрі – басқару органы) командирлерінің (бастықтарының) және олардың орынбасарларының күнделікті киіп жүруі үшін № 1 күнделікті киім нысаны күнделікті костюм (жеңі ұзын күртеше мен шалбар) көзделеді.";

      40-тармақта:

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мерзімді әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер, әскери оқу орны (әскери факультет) курсанттары, әскери колледж кадеттері, әскери ұландары далалық костюмге жоғарғы жиегі жағадан 1 – 2 миллиметр шығып тұратын ақ түсті таза жаға астарын тағады.";

      бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Далалық костюм далалық сабақта, далалық жорықта, жауынгерлік кезекшілікте, оқу-жаттығуда, қарауыл құрамында, тәуліктік нарядта қызмет өткергенде, Мемлекеттік шекараны қорғау және күзету міндеттерін орындағанда, оқу-жаттығу орталығында, полигонда болатын сабақта, күнделікті қызметте және басқа да жауынгерлік іс-шараларда амунициямен, ал сабақтан тыс уақытта амунициясыз (мерзімді әскери қызмет өткеретін әскери қызметшіден, әскери оқу орны (әскери факультет) курсантынан, әскери колледж кадетінен, әскери ұланынан басқа) киіп жүріледі.";

      41-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қысқы далалық күртеше амунициямен тек далалық сабақта, ал сабақтан тыс амунициясыз (мерзімді әскери қызмет өткеретін әскери қызметшіден, әскери оқу орны курсантынан, әскери колледж кадетінен, әскери ұланынан басқа) киіп жүріледі.";

      55-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "55. Әскери киім нысанын кигенде белгіленген үлгідегі, дұрыс жай-күйдегі және үнемі таза ұсталатын аяқ киім киіледі. Бәтеңкенің бауы ұқыпты байланып, бауының ұшы қонышқа салынады. Үстіңгі жағы бүлінген немесе өкшесі желінген аяқ киімді, етіктің қонышын түсіріп немесе қайырып киюге жол берілмейді. Жазда корабльдік құрамға корабльде, сондай-ақ жауынгерлік кезекшілік атқаратын ҚК Әуе қорғанысы күштері Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің әскери қызметшілеріне сандалет киіп жүруге жол беріледі. Әскери колледж кадеттеріне, әскери ұландарына жаппай спорттық іс-шаралар уақытында және дене шынықтыру сабағында, сондай-ақ сабақтан бос уақытта спорттық кроссовки киіп жүруге жол беріледі.";

      56-тармақтың 1-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) жазғы далалық киім нысаны кезінде құм түстес жазғы далалық бәтеңке орнына жазғы далалық қара түсті бәтеңке (күзде-көктемде жауын-шашын және оның салдары болғанда, қару-жарақ пен әскери техникаға қызмет көрсету, жөндеу, шаруашылық және арнайы жұмыс уақытында, Мемлекеттік шекараны күзету кезінде) немесе қонышы қысқа қара түсті бәтеңке (туфли) (курсанттан, кадеттен, әскери ұланнан және мерзімді қызмет әскери қызметшісінен басқа);";

      62-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "62. Мерзімді әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерге, әскери оқу орны курсанттарына, әскери колледж кадеттеріне, әскери ұландарына далалық белбеу орнына жез тоғалы қоңыр түсті белдік белбеу тағуға жол беріледі. Салтанатты белбеу қысқы салтанатты күртеше немесе китель сыртынан тағылады. Далалық белбеу далалық костюм, қысқы далалық костюм, қысқа тон, жылы кеудеше, Әскери-теңіз күштерінде сыртқы нысанды жейде, нысанды жейде кигенде шалбар сыртына тағылады.

      Салтанатты ақ түсті белдік белбеу мерзімді әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілердің бүркеніш түсті қысқы және жазғы күртешесін, әскери оқу орны, әскери кафедра (әскери факультет) курсанттарының, әскери колледж кадеттерінің, әскери ұландарының қысқы күртешесін, қысқы пальто кигенде белбеудің төменгі жиегі жамбас сүйегі жоғарғы бөлігінің жиегінде, кительде үшінші түйменің үстін жауып тұратындай тағылады.";

      66-тармақтың 3-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) әскери оқу орны, әскери кафедра (әскери факультет) курсанттары, мерзімді әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер, әскери колледж кадеттері, әскери ұландары бір ұштығы бар күміс түстес (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Айрықша мақсаттағы күштерінде – алтын түстес) тағады.";

      71-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "71. Әскери қызметшілердің ҚК-ге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға тиесілігін көрсететін шеврон киім-кешектің сол жақ жеңіне жеңнің жоғарғы нүктесінен 12 сантиметр аралықта, әскери колледж ұландары, кадеттері үшін жеңнің жоғарғы нүктесінен 8 сантиметр аралықта тігіледі.";

      72-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "72. Әскери қызметшілердің ҚК түріне, әскер тегіне, бас қолбасшылыққа, өңірлік қолбасшылыққа, әскери бөлімге тиесілігін көрсететін жеңдегі белгі киім-кешектің оң жақ жеңіне жеңнің жоғарғы нүктесінен 12 сантиметр аралықта тігіледі және диаметрі 80 миллиметр шеңбер пішінді (командалық лауазымда келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін сержант пен старшинаға шевроннан басқа) болады. Әскери полиция әскери қызметшілері үшін жеңдегі белгі жеңнің жоғарғы нүктесінен 2 сантиметр аралықта тігіледі. Әскери колледж кадеттері, әскери ұландары үшін жеңнің жоғарғы нүктесінен 8 сантиметр аралықта тігіледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Тыл бастығына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 472 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу қағидалары 10-тармағының талаптарына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33059 болып тіркелген) қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң 2025 жылғы 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі авиация
генерал-лейтенанты
Д. Косанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Бас прокуратурасы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Мемлекеттік күзет қызметі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Төтенше жағдайлар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады