БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери полициясы бас басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 472 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33059 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiн жүргiзу қағидалары 10-тармағының талаптарына сәйкес қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полициясы бас басқармасының бастығына жүктелсін.
4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты |
Д. Қосанов |
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2025 жылғы 14 тамыздағы № 1070 бұйрығымен бекітілген |
Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің көлік құралдарын 200 километрден артық қашықтықта бақылауды және пайдалануды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 820 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29830 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің көлік құралдарын 200 километрден артық қашықтықта бақылауды және пайдалануды ұйымдастыру қағидаларында:
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары ішкі қызмет жарғысының талаптарына сәйкес гарнизон шегінен тыс рейске кететін жүргізушілермен, машина жетекшілерімен және лек бастықтарымен командир (бастық) "Жол қозғалысы ережелері, көлік құралдарын пайдалануға жіберудің негізгі ережелері, жедел және арнайы қызметтердің көлік құралдарын арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықтау және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша бояу тәртібі" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 534 бұйрығымен бекітілген Жол жүрісі қағидаларын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33003 болып тіркелген) (бұдан әрі – ЖЖҚ), көлік құралын пайдалану тәртібін және қауіпсіздік шараларын сақтау туралы нұсқау беруді өткізеді.".
2. "Әскери көлік құралдарының және арнайы мақсаттағы көлік құралдарының легіне ілесіп жүруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету, автомобиль жолдары мен көшелерде осы лек өтетін уақытта жол жүрісін реттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2023 жылғы 12 сәуірдегі № 320 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32299 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әскери көлік құралдарының және арнайы мақсаттағы көлік құралдарының легіне ілесіп жүруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету, автомобиль жолдары мен көшелерде осы лек өтетін уақытта жол жүрісін реттеу қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Әскери көлік құралдарының және арнайы мақсаттағы көлік құралдарының легіне ілесіп жүру "Жол жүрісі қағидаларын, көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 534 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33003) (бұдан әрі – ҚР ІІМ 2023 жылғы 30 маусымдағы № 534 бұйрығы) бекітілген Жол жүрісі қағидаларын (бұдан әрі – ЖЖҚ) сақтаумен жүзеге асырылады.";
9-тармақтың 3-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) ілесіп жүруге жататын көлік құралдарында пайдалануға тыйым салынатын, Қазақстан Республикасы ІІМ 2023 жылғы 30 маусымдағы № 534 бұйрығымен бекітілген Көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатын, жол жүрісі қауіпсіздігіне және қоршаған ортаға қауіп тудыратын ақаулар мен жағдайлардың тізбесінде көрсетілген ақаулықтар мен жағдайлар анықталған;".
3. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері көлік құралдарының жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 355 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32354 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полиция органдарының Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері көлік құралдарының жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметін ұйымдастыру қағидаларында:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Қарулы Күштер көлік құралдарының жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметті атқаруы көзбен шолуды немесе арнайы техникалық құралдар көмегімен Қарулы Күштердің көлік құралдары жүргізушілерінің "Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 534 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33003 болып тіркелген) (бұдан әрі – ҚР ІІМ 2023 жылғы 30 маусымдағы № 534 бұйрығы) бекітілген Жол жүрісі қағидаларын (бұдан әрі – ЖЖҚ) және Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді (бұдан әрі – КҚПРНЕ) орындауын бақылау және қадағалауды, әкімшілік және басқа да бұзушылықты анықтауды және жолын кесуді қамтиды.";
7-қосымшаның 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 534 бұйрығымен бекітілген КҚПРНЕ көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатын, жол жүрісі қауіпсіздігіне және қоршаған ортаға қауіп тудыратын ақаулар мен жағдайлардың тізбесінде көрсетілген ақаулар мен жағдайлар болған кезде.".