"Қорғанысты ғылыми қамтамасыз етуді ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 28 қарашадағы № 1131қбп бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2025 жылғы 19 маусымдағы № 711 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қорғанысты ғылыми қамтамасыз етуді ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 28 қарашадағы № 1131қбп бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қорғанысты ғылыми қамтамасыз етуді ұйымдастыру қағидаларында:

      2-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) аккредиттеу – уәкілетті органның ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келуін ресми түрде тану рәсімі;";

      3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) әскери ғылым – ғылымның құрамдас бөлігі, оның функциялары әскери жанжалды (соғысты) зерделеу, мемлекеттің әскери ұйымын құру және дамыту, қару-жарақ пен әскери техниканы жасау, дамыту және жаңғырту, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін (бұдан әрі – ҚР ҚК), халық пен елді қорғанысқа дайындау жөнінде ұсынымдар дайындау болып табылады;

      4) әскери-ғылыми взвод – қорғаныс және әскери қауіпсіздік мүддесінде нақты ғылыми-қолданбалы міндеттерді орындауға арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің (бұдан әрі – ҰҚУ) құрылымдық бөлімшесі;";

      8), 9) және 10) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) ғылыми, ғылыми-техникалық жоба мен бағдарлама – болжамды ғылыми-техникалық жұмыстың мазмұнын қамтитын, жоспарланатын жұмыстың мақсаты мен міндетін, өзектілігін, жаңалығын, ғылыми-практикалық маңыздылығы мен оны жүргізудің мақсатқа сәйкестігін негіздеумен ғылыми, ғылыми-техникалық, тәжірибелік-конструкторлық, маркетингтік зерттеуді қамтитын құжат;

      9) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижесі – ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыру барысында тиісті ғылыми әдістермен және құралдармен алынған және кез келген ақпарат жеткізгіште тіркелген жаңа білім немесе шешімдер, сондай-ақ өндіріске енгізілген ғылыми әзірлемелер мен технологиялар, жаңа бұйымның, материал мен заттың моделі, макеті, үлгісі;

      10) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет туралы есеп беру – ғылыми-техникалық жұмыстың, ғылыми, ғылыми-техникалық, тәжірибелік-конструкторлық, маркетингтік зерттеудің іске асырылуы туралы ақпаратты, сондай-ақ жоспарланған жұмысты әрі қарай жүргізудің мақсатқа сәйкестігі туралы не аяқталған ғылыми, ғылыми-техникалық жоба мен бағдарламаның нәтижесі туралы ақпаратты қамтитын құжат;";

      18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "18) ғылыми-зерттеу жұмысына, тәжірибелік-конструкторлық жұмысқа, қорғаныстық зерттеуге тапсырыс беруші – ҚР ҚМ-ның, Бас штабтың (бұдан әрі – БШ) құрылымдық бөлімшесі, ҚР ҚК бас басқармасы, ҚР ҚК түрі бас қолбасшысының басқармасы, ЖӘОО (бұдан әрі – тапсырыс беруші);";

      28) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "28) Қорғаныстық зерттеу жөніндегі кеңес (бұдан әрі – ҚЗК) – қорғаныстық зерттеуді қаржыландыру көлемін, ҚР ҚМ үшін гранттық қаржыландыру және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру көлемін бекіту жөнінде шешім қабылдау, сондай-ақ ғылым саласындағы уәкілетті орган немесе ҚР ҚМ жариялайтын конкурс шеңберінде "Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс, биологиялық қауіпсіздік" Ұлттық ғылыми кеңесі үшін мамандандырылған ғылыми бағыттар, сондай-ақ ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар бойынша ұсынымдар дайындау мақсатында өз қызметін жүзеге асыратын ҚР ҚМ алқалы консультациялық-кеңесші органы;";

      11-тармақта:

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) жыл сайын уәкілетті бөлімшенің сұрау салуы бойынша осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ҰҚУ диссертациялар (жобалар) тақырыбы бойынша ұсыныстар дайындайды;";

      мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:

      "11-1. ҒЗЖ (ТКЖ) тақырыптары бойынша нысаналы ұсыныстарды қалыптастыру кезінде ҚР ҚМ, БШ және ҚК құрылымдық бөлімшелерінің басшылары әрбір тақырыпқа ҒЗЖ-ны орындауға техникалық тапсырманы (ТТ) әзірлейді, олар нысаналы ұсыныстармен бірге осы Қағидаларға 4-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті бөлімшеге жіберіледі.";

      22-тармақта:

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) ғылым саласындағы уәкілетті орган немесе ҚР ҚМ жариялайтын гранттық қаржыландыруға және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға конкурстар шеңберінде шарттық жұмысты және ҒЖ мен ҒБ-ны қаржыландыруды жүзеге асырады, "Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет пен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыруды гранттық қаржыландыру, іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 6 қарашадағы № 563 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33613 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 563 Қағидалар) бекітілген тәртіппен және мерзімде ҒЖ-ны және ҒБ-ны орындау жөніндегі ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет туралы аралық (жылдық) және қорытынды есеп беруді қалыптастыруды және жолдауды ұйымдастырады;";

      35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "35. ЖӘОО-ның оқу жылына арналған ғылыми жұмыс жоспары ғылыми кеңес отырысында қаралады, уәкілетті бөлімшенің бастығымен келісіледі және оқу жылы басталғанға дейін бір айдан кешіктірмей ЖОО бастығы бекітеді.";

      мынадай мазмұндағы 38-1-тармақпен толықтырылсын:

      "38-1. Жедел (жауынгерлік) және жұмылдыру дайындығы іс-шараларында, зерттеу оқу-жаттығуында зерттеу әскери теория мен практиканың жекелеген, жаңа немесе анағұрлым маңызды мәселелерін, әскер мен штабтардың ұйымдық құрылымын, әскерді (күшті) жауынгерлік қолдану тәсілдерін және қару-жарақ пен әскери техниканың тиімділігін егжей-тегжейлі және жан-жақты тексеру мақсатында жүргізіледі.";

      39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "39. Гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған шарт бойынша орындаушылар № 563 Қағидалардың 24 және 65-тармақтарына сәйкес ҒЖ-ны және ҒБ-ны орындау жөніндегі ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет туралы аралық (жылдық) және қорытынды есеп беруді ұсынады.";

      43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "43. ҰҚУ оқу-әдістемелік басқармасы (бұдан әрі – ОӘБ) жыл сайын магистрлік және докторлық диссертация тақырыптары жинағын қалыптастырады және электрондық және/немесе баспа түрінде басып шығарады, жинақтың құрамын ҰҚУ бастығы бекітеді. ҰҚУ ОӘБ жинақты электронды түрде жинаққа енгізілген тақырыптардың тапсырыс берушісі болып табылатын ЖӘОО-ға, ҚР ҚМ, БШ және ҚК құрылымдық бөлімшелеріне жібереді. Жинақтың бір данасы электрондық түрде уәкілетті бөлімшеге жіберіледі.

      ҚР ҚМ, БШ және ҚК құрылымдық бөлімшелері магистрлік және докторлық диссертация тақырыптары жинағын зерделегеннен кейін қызығушылық тудыратын магистрлік және докторлық диссертацияларды зерделеу үшін ҰҚУ-ға сұрау салу жібереді.";

      48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "48. Гранттық қаржыландыруға конкурс жариялау және өткізу ҚР ҚМ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметін бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру "Ғылым және технологиялық саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және № 563 Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.";

      51-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "51. Гранттық қаржыландыру және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде ҒЖ-ны және ҒБ-ны әлеуетті орындаушылар № 563 Қағидалардың 27 және 54-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі бекітетін конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес өтінімді қалыптастырады.";

      53, 54 және 55-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "53. ҒЖ-ны және ҒБ-ны орындауға өтінімдерге мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама нәтижесі, сондай-ақ өтінімдердің өзі "Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс, биологиялық қауіпсіздік" Ұлттық ғылыми кеңесінің қарауына енгізіледі.

      54. Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс, биологиялық қауіпсіздік" Ұлттық ғылыми кеңесі ҒЖ-ны және ҒБ-ны орындауға өтінімдерді, сондай-ақ қаржыландыру көлемін мақұлдағаннан кейін 3 жылға дейінгі мерзімге ҒЖ-ны және ҒБ-ны іске асыру және қаржыландыру бойынша жұмыс жүргізіледі.

      55. Гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шарты бойынша орындаушылар ҒЖ-ны және ҒБ-ны орындау жөніндегі ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет туралы аралық (жылдық) және қорытынды есеп беруді қағазда және электрондық жеткізгіште ҚР ҚМ-ға ұсынады, оларды уәкілетті бөлімше № 563 Қағидаларда айқындалған мерзімде және тәртіппен "МҰҒТСО" АҚ-ға және "Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс, биологиялық қауіпсіздік" Ұлттық ғылыми кеңесіне бекіту үшін жолдайды.";

      58, 59, 60, 61, 62 және 63-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "58. Гранттық қаржыландыру және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде ғылыми (ғылыми-техникалық) қызмет субъектілері ретінде аккредиттелген ЖӘОО орындайтын ҒЖ-ны және ҒБ-ны қаржыландыруға көзделген қаражатты жоспарлау және жұмсау тәртібі "Ғылым және технологиялық саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және № 563 Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

      59. Жоғарыда көрсетілген нормативтік құқықтық актілерде көзделген шығыстардың бағыттары бойынша гранттық қаржыландыру, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде ҒЖ-ны және ҒБ-ны іске асыруға арналған конкурстық өтінімге нысан бойынша және № 563 Қағидаларға сәйкес жасалған есептеу қоса беріледі және ұсынылады.

      60. Ғылыми зерттеулер жүргізу шеңберінде қор мен негізгі құралдарды сатып алуға шығысты жоспарлау кезінде есептеуге № 563 Қағидаларға сәйкес нысан бойынша жасалған және ұсынылатын қордың немесе негізгі құралдардың әрбір түрі бойынша кемінде 1 (бір) баға ұсынысы және (немесе) прайс-парағы қоса беріледі.

      61. Ғылыми зерттеулер жүргізу шеңберінде жеке және заңды тұлғалардың қызметтер мен жұмыстарды көрсетуі бойынша жоспарланған шығысты негіздеу үшін № 563 Қағидаларға сәйкес нысан бойынша жасалған және ұсынылатын қордың немесе негізгі құралдардың әрбір түрі бойынша кемінде 1 (бір) баға ұсынысы және (немесе) прайс-парағы қоса беріледі.

      62. Ел шегіндегі іссапар шығысын және елден тыс жерге іссапар шығысын жоспарлау "Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1428 қаулысына және "Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысына сәйкес есептеледі және № 563 Қағидаларға сәйкес нысан бойынша жасалып ұсынылады.

      63. Ғылыми зерттеулер жүргізу шеңберінде конференциялар, дөңгелек үстелдер, кофе-брейктер өткізу, кәдесый өнімін сатып алу бойынша шығынды және шығынды жоспарлау кезінде № 563 Қағидаларға сәйкес нысан бойынша жасалған және ұсынылатын қордың немесе негізгі құралдардың әрбір түрі бойынша кемінде 1 (бір) баға ұсынысы және (немесе) прайс-парағы қоса беріледі.";

      69-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "69. ҒЖ және ҒБ жетекшілері № 563 Қағидаларға сәйкес аралық (жылдық) және қорытынды есеп беруді ұсынады.";

      осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес 4-1-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери білім және ғылым департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 472 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу қағидалары 10-тармағының талаптарына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33059 болып тіркелген) қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты
Д. Қосанов

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2025 жылғы 19 маусымдағы
№ 711 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2022 жылғы 28 қарашадағы
№ 1131қбп бұйрығына
4-1-қосымша

Ғылыми-зерттеу жұмысын орындауға техникалық тапсырма

      Тақырып:_______________________________________________________

      (ғылыми-зерттеу жұмысы тақырыбының атауы)

      Зерттеу мақсаты:______________________________________________

      (нақты нені зерттеу, әзірлеу қажет екені көрсетіледі)

      1. Зерттеудің міндеттері мен негізгі мәселелері

      _________________________________________________________________

      2. Проблеманың мәні, тақырыпты әзірлеу шегі _______________

      (оған қатысты зерттеу жүзеге асырылатын шарттар)

      3. Проблеманы шешудің ықтимал бағыттары, зерттеу нәтижесін ұсыну нысандары

      ___________________________________________________________________

      4. Күтілетін зерттеу нәтижесін іске асыру жолы

      ___________________________________________________________________

      5. Тарату санаты

      ___________________________________________________________________

      6. Ұйымдастыру-әдістемелік ұсынымдар

      ___________________________________________________________________

      Тапсырыс беруші ұйымның басшысы

      ___________________________________________________________________

      (лауазымы, әскери атағы, қолы, тегі)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады