ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 19.05.2025 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Бейбіт уақытқа арналған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін азық-түлікпен, азықпен, жабдықпен, асханалық-асүйлік ыдыспен және азық-түлік қызметінің техникасымен жабдықтау нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 353 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11844 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
"Жалпыәскери азық үлесі" деген 1-нормаға ескертпе мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
"12) резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілер.";
"Ауыз сумен қамтамасыз ету" деген негізгі нормаға қосымша азық үлесінің ескертпесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Ескертпе: осы норма бойынша мемлекет есебінен:
1) әскери қызметшілер далалық шығуда, оқу-жаттығуда, маневр жасауда, зілзала мен апат ауданында болған кезде, төтенше жағдайда, қарулы жанжал кезінде және бітімгершілік операцияларда;
2) резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілер жауынгерлік даярлық бойынша сабақтардан және жиындардан өту кезінде, дағдарыстық ахуал кезінде;
3) әскери жиынға шақырылған әскери міндеттілер, оқу-жаттығу полигондары мен орталықтарында әскери даярлықтан өтетін әскери кафедра студенттері жабдықталады;
4) климаты ыстық өңірде (Шымкент қаласы, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау және Атырау облыстары) жабдықталымдағы көрсетілген санат 1 маусым – 31 тамыз кезеңінде тәулігіне 1,5 литрден бөтелкедегі ауызсумен қамтамасыз етіледі.";
"Емдеу-алдын алу үлесі" деген негізгі нормаға қосымша азық үлесінің ескертпесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Ескертпе: осы норма бойынша мемлекет есебінен әскери қызметшілердің мынадай санаты жабдықталады: улы химикаттармен байланысты медициналық (ветеринариялық) персонал; маман (рентгенолог); жұмысы жанар-жағармай материалымен ұдайы байланысты мамандар (жанар-жағармай материалы қоймасының бастығы, отын құюшы); жұмысы құрамында иондаушы сәулелену заттары бар бұйымдарды сақтаумен, қорғаумен және техникалық қызмет көрсетумен байланысты қару-жарақ қызметінің мамандары (қару-жарақ қызметінің бастығы, қойма бастығы, сақтау орнының бастығы, техник, краншы, такелажшы), сондай-ақ радиациялық қатермен байланысты жұмысты және ерекше міндеттерді орындайтын радиациялық, химиялық, биологиялық қорғау мамандары.";
"Десанттық-шабуылдау әскерлеріне арналған азық үлесі" деген 5-нормаға ескертпе мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
"9) резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілер.";
"Спорт комитеті – Армия орталық спорт клубы әскери спорт колледжінің курсанттарына арналған азық үлесі" деген 6-норманың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"6-норма "Әскери-спорт колледжінің оқушыларына арналған азық үлесі";
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес "Әскери қызметшілерді жеке пайдаланудағы мүлікпен (мүкәммалдық мүлікпен) қамтамасыз ету" деген 46-нормамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Тыл бастығының басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 472 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33059 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу қағидалары 10-тармағының талаптарына сәйкес қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.
5. Осы бұйрық 2025 жылғы 19 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-полковник |
Р. Жақсылықов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2025 жылғы 26 мамырдағы № 613 бұйрығына қосымша |
46-норма Әскери қызметшілерді жеке пайдаланудағы мүлікпен (мүкәммалдық мүлікпен) қамтамасыз ету
Р/с | Зат атауы | Бір адамға зат саны, дана | Пайдалану мерзімі, жыл |
1 | Металл құты | 1 дана | 6 |
2 | Құтыға тыс | 1 дана | 2 |
3 | Металл қолбақыр | 1 дана | 6 |
Ескертпе:
1) осы норма бойынша Әуе қорғанысы күштері авиациясының ұшқыш-техникалық құрамын қоспағанда, келісімшарт бойынша және резевте әскери қызмет өткеретін офицерлер, сержанттар мен сарбаздар, әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін сержанттар мен сарбаздар, әскери оқу орнының курсанттары, "Жас ұлан" республикалық мектептерінің және Әскери колледждердің оқушылары, жиынға шақырылған әскери міндеттілер мен жоғары оқу орындарының студенттері қамтамасыз етіледі.
14776 әскери бөлімі арнайы мақсаттағы бөлімшелері мен арнайы мақсаттағы жедел бөлімшелерінің, іздеу-құтқару қызметі бөлімдері мен бөлімшелерінің, әскери және жедел барлау, тау-егерьлік және тау-атқыштар бөлімдері мен бөлімшелерінің, 32039 әскери бөлімінің әскери қызметшілеріне осы норма бойынша металл құты, құтыға тыс пен металл қолбақыр берілмейді.
2) металл құты орнына климаты ыстық аудандарда полиэтиленді құты 2 жылға беруге рұқсат етіледі. Десанттық-шабуылдау әскерлерінде құрастырылған қолбақыр 1 дана 4 жылға және қолбақырға тыс 1 дана 2 жылға беріледі.