ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 7-тармақтан қараңыз
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғынжайға мұқтаж әскери қызметшілерін есепке қою", "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғынжайға мұқтаж азаматтық персонал адамдарын (қызметкерлерін) есепке қою" және "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғынжайын жалға алу шартын жасау және ұзарту" мемлекеттік қызметін көрсету шеңберінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері мен азаматтық персонал адамдары (қызметкерлері) үшін қызметтік тұрғынжайды проактивті форматта автоматты түрде бөлу жөніндегі пилоттық жоба (бұдан әрі – пилоттық жоба) іске қосылсын.
2. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғынжайға мұқтаж әскери қызметшілерін есепке қою", "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғынжайға мұқтаж азаматтық персонал адамдарын (қызметкерлерін) есепке қою" және "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғынжайын жалға алу шартын жасау және ұзарту" мемлекеттік қызметін көрсету шеңберінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері мен азаматтық персонал адамдары (қызметкерлері) үшін қызметтік тұрғынжайды проактивті форматта автоматты түрде бөлу алгоритмі бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі және ұйымдар пилоттық жоба кезеңі аяқталғаннан кейін және өзінің "Жұмылдыру ресурсы автоматтандырылған жүйесінің интеграциялық шлюзі" ақпараттық жүйесін өнеркәсіптік пайдалануға енгізгенге дейін "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабы 2-тармағының 1) және 5-1) тармақшаларына, 49-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес:
1) ақпарат қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігіне оң нәтижесі бар сынау актісінің/хаттамасының болуын;
2) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес меншікті ақпарат қауіпсіздігі жедел орталығының (бұдан әрі – АҚЖО) Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығымен өзара іс-қимылын қамтамасыз етіп, АҚЖО-ның болуын және оның жұмыс істеуін немесе үшінші тұлғалардан АҚЖО-ның көрсетілетін қызметін сатып алуды;
3) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарға сәйкестігі бойынша шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери инфрақұрылым бас басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа мемлекеттік орган басшыларының соңғысы қол қойған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
5. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және жетекшілік ететін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
6. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі және Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі осы бірлескен бұйрықты өздерінің мүдделі ведомстволық бағынысты ұйымдарына жеткізсін.
7. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 1 сәуірге дейін қолданылады.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі генерал-полковник |
_________Р. Жақсылықов |
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі |
________Ж. Мәдиев |
"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғынжайға мұқтаж әскери қызметшілерін есепке қою", "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғынжайға мұқтаж азаматтық персонал адамдарын (қызметкерлерін) есепке қою" және "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғынжайын жалға алу шартын жасау және ұзарту" мемлекеттік қызметін көрсету шеңберінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері мен азаматтық персонал адамдары (қызметкерлері) үшін қызметтік тұрғынжайды проактивті форматта автоматты түрде бөлу алгоритмі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Алгоритм "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғынжайға мұқтаж әскери қызметшілерін есепке қою", "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғынжайға мұқтаж азаматтық персонал адамдарын (қызметкерлерін) есепке қою" және "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғынжайын жалға алу шартын жасау және ұзарту" мемлекеттік қызметін көрсету шеңберінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері мен азаматтық персонал адамдары (қызметкерлері) үшін қызметтік тұрғынжайды проактивті форматта автоматты түрде бөлуді айқындайды.
2. Осы Алгоритмде мынадай негізгі ұғымдар мен қысқартулар қолданылады:
1) абоненттік нөмір – шарт жасағанда абоненттің пайдалануына бөлінетін нөмір, оның көмегімен басқа абоненттік жабдықпен қосылу орнатылады және абонентті желіде сәйкестендіруге мүмкіндік береді;
2) ЖР АЖ ИШ ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ЖР АЖ ИШ) – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі "Жұмылдыру ресурсы автоматтандырылған жүйесінің интеграциялық шлюзі" ақпараттық жүйесі;
3) қысқа мәтіндік хабарлама (бұдан әрі – SMS-хабарлама) – ұялы байланыс операторы ұялы байланыс желісі арқылы ақпаратты қабылдау және беру бойынша көрсететін қызмет;
4) мобильді азаматтар базасы (бұдан әрі – МАБ) – жылжымалы желінің абоненттік құрылғысы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету және ақпараттық хабарлама жіберу, сондай-ақ проактивті мемлекеттік қызмет көрсету үшін пайдаланылатын ұялы байланыс операторлары ұсынған көрсетілетін қызметті алушының порталдың есептік жазбасына қосылған абоненттік нөмірі базасы.
Алгоритмде қолданылатын барлық өзге термин "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және өзге де нормативтік құқықтық актілерде қолданылатын мағынада пайдаланылады.
3. Жобаға қатысушылар "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысымен бекітілген Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың шарттарын сақтайды.
2-тарау. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғынжайға мұқтаж әскери қызметшілерін есепке қою", "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғынжайға мұқтаж азаматтық персонал адамдарын (қызметкерлерін) есепке қою" және "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғынжайын жалға алу шартын жасау және ұзарту" мемлекеттік қызметін көрсету шеңберінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері мен азаматтық персонал адамдары (қызметкерлері) үшін қызметтік тұрғынжайды проактивті форматта автоматты түрде бөлу бойынша өзара іс-қимыл жасау тәртібі
4. ЖР АЖ ИШ көрсетілетін қызметті алушылардың дербес деректерді жинауға және өңдеуге берген келісімі шеңберінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 26 мамырдағы № 232 бұйрығымен бекітілген "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғынжайға мұқтаж әскери қызметшілерін есепке қою" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2024 жылғы 22 шілдедегі № 765 бұйрығымен бекітілген "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғынжайға мұқтаж азаматтық персонал адамдарын (қызметкерлерін) есепке қою" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу кезінде қолданыстағы қызметтік тұрғынжайға мұқтаж адамдар тізілімі және тұрғын үй қоры негізінде автоматты режимде тиесілі ауданын ескеріп және көрсетілетін қызметті алушының қызметтік тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қою туралы берілген баянатының (өтінішінің) күні мен уақытына сәйкес кезектілігін сақтап, қызметтік тұрғынжайды әлеуетті алушыны айқындайды.
5. ЖР АЖ ИШ мобильді азаматтар базасы арқылы көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөміріне Алгоритмнің 4-тармағының нәтижесі бойынша қалыптастырылған Алгоритмге қосымшаға сәйкес SMS-хабарлама (бұдан әрі – SMS) жібереді. Ұсынылған қызметтік тұрғынжайдан бас тартылған немесе 48 (қырық сегіз) сағат ішінде жауап берілмеген жағдайда ЖР АЖ ИШ бас тарту туралы белгі жасайды және кезек тәртібімен келесі көрсетілетін қызметті алушыға SMS жібереді.
6. Мемлекеттік орган ақпараттық жүйесінің иесі ұсынылатын деректердің дұрыстығына жауапты болады.
7. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимылы көрсетілетін қызметтің үздіксіз және дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін тұрақты негізде жүргізіледі.
3-тарау. Мемлекеттік органдардың жауапкершілігі
8. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимылы іске қосылған ақпараттық жүйенің үздіксіз және дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін тұрақты негізде жүргізіледі.
9. Берілетін деректердің толықтығын, түпнұсқалығын, дұрыстығын және бұрмаланбауын ақпараттық жүйенің тараптары – ақпарат беретін сервис иелері қамтамасыз етеді.
10. Мемлекеттік органдар мен ұйымдар ақпараттандыру, ақпарат қауіпсіздігі саласындағы заңнама талаптарының сақталуын және ақпараттық жүйені пайдаланушы қалыптастырған мәліметтердің қауіпсіздігін және өзгермеуін және форматтық-логикалық бақылауды уақтылы орнатуды қамтамасыз етеді.
Құрметті _____________________ (Т.А.Ә. бар болса)!
ҚР ҚК әскери қызметшілері мен қызметкерлерін қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету шеңберінде Сізге ____________ (мекенжай атауы) мекенжайы бойынша жалпы ауданы ____ ш.м. ____ (нөмірі) бөлмеден тұратын қызметтік тұрғынжай бөлінді.
Сізден 48 сағат ішінде мынадай комбинациялардың бірін пайдаланып, келісуді не бас тартуды растауыңызды сұраймыз. Көрсетілген мерзімде жауап болмаған жағдайда Сіз қызметтік тұрғынжайдан бас тарттыңыз деп саналады (6526):
6521 – Келісемін;
6522 – Бас тарту, ауданы тиесілі ауданның нормаларына сәйкес келмейді;
6523 – Бас тарту, мен тұрғын үй төлемін алушы болып табыламын;
6524 – Бас тарту, ҚР ҚК-да еңбек қатынасында тұрмаймын;
6525 – Бас тарту, отбасында мүгедектігі бар немесе созылмалы аурудың ауыр түрімен ауыратын адамның болуы;
6526 – Қызметтік тұрғынжайдан бас тарту;
6527 – Бас тарту, тиесілі аудан нормаларына сәйкес келмейтін ауданды алдағы уақытта ұсынбау.
Барлық мәселе бойынша ҚР ҚМ ресми сайтында көрсетілген "Жедел желі" телефондары арқылы хабарласа аласыз.