Астана қаласының су объектілерінде жаппай демалу, туризм және спорт үшін орындар белгілеу туралы

Жаңа

Астана қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 15 қазандағы № 205-3762 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Су кодексі 125-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Құқықтық актілер туралы" заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Астана қаласының су объектілерінде жаппай демалыс, туризм және спорт орындары осы қаулыға қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. "Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте, осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін, оның Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім Ж. Қасымбек

  Астана қаласы әкімдігінің
  2025 жылғы 15 қазандағы
  № 205-3762 қаулысына
  қосымша

Астана қаласының су объектілерінде жаппай демалу, туризм және спорт үшін белгіленген орындар

Р/с

Су объектісінің атауы

Көпшіліктің демалу орны

Орналасқан жері

1.

Есіл өзені

"Столичный двор" демалыс аймағы

"Алматы" ауданы, "Күйгенжар" тұрғын алабы

2.

Есіл өзені

"Три пескаря" демалыс аймағы

"Сарыарқа" ауданы

3.

Есіл өзені

"Оазис" орталық жағажайы

"Нұра" ауданы, орталық елордалық саябақ

4.

Есіл өзені

коммуналдық жағажай

"Сарыарқа" ауданы, Ш. Бейсекова көшесі бойындағы көпірдің оң жағы

5.

Есіл өзені

"Армина" демалыс аймағы

"Алматы" ауданы, "Күйгенжар" тұрғын алабы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады