"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ :
1. Астана қаласы барлық білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қоғамдық көлікте (таксиден басқа) мынадай мөлшерде жеңілдікпен жол жүру құқығы берілсін:
1) кәмелетке толмаған жасқа дейінгі білім алушылар мен тәрбиеленушілер үшін – көлік картасын міндетті валидациялау кезінде балалардың жол жүру құны (барлық бағыттар бойынша) – 0 теңге;
2) кәмелеттік жастан асқан білім алушылар мен тәрбиеленушілер үшін – жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға көрсетілетін көлік карталары, ай сайын "Айлық жол жүру – Қала" келісімшартымен толықтырылады.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Астана қалалық мәслихатының төрағасы | Т. Зейнұлқабден |