"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ордабасы аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2024 жылғы 07 маусымдағы № 08-02-07/214 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Ордабасы ауданы, Шұбарсу ауыл округіне қарасты "Цементник-2" алабы, Сарайшық, Пістелі, Орал және Жастабан көшелері бойында уақ мал арасында "құтыру" ошағын жою бойынша ветеринариялық іс-шаралар кешенін жүргізуге байланысты белгіленген шектеу шаралары алынып тасталсын.
2. Шұбарсу ауылдық округі әкімінің "Шектеу шараларын белгілеу туралы" 2024 жылғы 17 сәуірдегі № 116 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Шұбарсу ауыл округі әкiмiнiң орынбасары А.Бердешовке жүктелсiн.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Ауыл округі әкімі | А.Турсунбаев |
