Мақат ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Мақат аудандық мәслихатының 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 108-VIII шешімі. Күші жойылды - Атырау облысы Мақат аудандық мәслихатының 2025 жылғы 13 наурыздағы № 148-VIII шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Мақат аудандық мәслихатының 13.03.2025 № 148-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Экология Кодексінің 365 бабының 3 тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес Мақат аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мақат ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы А. Шанғалаев

  Мақат аудандық
мәслихатының 2024 жылғы
30 қыркүйектегі № 108-VIIІ
шешіміне қосымша

Мақат ауданы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер

Атауы

Өлшем бірлігі

Тенге, қосылған құн салығымен

Жайлы және жайлы емес үйлер

1 тұрғыннан айына

153

Бірліктің жылдық тарифі (көлемі)

1 м3

754


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады