"Қызылқоға аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Жаңа

Атырау облысы Қызылқоға ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 31 желтоқсандағы № 336 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 2-тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18, 124-баптарына, "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Қызылқоға ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қызылқоға аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Қызылқоға аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

      1) осы қаулыны ресми жариялап және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жолдасын;

      2) осы қаулыны Қызылқоға ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырсын;

      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қолдансын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау "Қызылқоға аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.

      4. Қызылқоға ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 17 мамырдағы № 79 "Қызылқоға аудандық кәсіпкерлік бөлімі мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" қаулысы жойылды деп танылсын.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылқоға ауданы әкімі Қ.Әзмұханов

      Қызылқоға ауданы әкімдігінің
2024 жылғы "31" желтоқсандағы
№ 336 қаулысымен бекітілген

"Қызылқоға аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлiмi" мемлекеттiк мекемесінің Ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. "Қызылқоға аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрі – мекеме) кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Мекеменің ведомстволары жоқ.

      3. Мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және атауы мемлекеттік тілде жазылған мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. Мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. Мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Мекеме өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Мекеменің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Мекеменің орналасқан жері: 060500, Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылы, Тайпақ Қарабалин көшесі, 39 ғимарат.

      10. Осы Ереже мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Мекеменің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Мекеменің кәсіпкерлік субъектілерімен мекеменің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттыққарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер Мекемеге заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2. Мекеменің мақсаттары мен өкілеттіктері

      13. Мақсаттары:

      - Мекеме ауданның атқарушы органдарының бірыңғай жүйесіне кіреді және кәсіпкерлік, туризмжәне ауыл шаруашылық саласындағы мемлекеттік саясатты өзінің шектеулі құзыретінде жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

      -Ауданның кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылығын дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын орындауды қамтамасыз ету, шағын және орта бизнес кәсіпкерлерінің мүддесін қорғауға бағытталған қаржы, несие, салық және мемлекеттік саясатты жүзеге асырады;

      -Қызылқоға ауданының аумағында кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылық үйлестіру мәселелерінде мемлекеттік саясатты аудандық деңгейде жүзеге асырады.

      14. Өкілеттіктері:

      1). Құқықтары:

      - белгіленген тәртіппен бөлімнің құзыретіне кіретін ауданның әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін әзірлеуге, қарауға және келісуге қатысуға;

      - оның құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша әдістемелік материалдар мен ұсыныстарды әзірлеуге, сондай -ақ нұсқамалар, семинарлар, кеңестер өткізуге;

      - белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдарынан мекемелермен ұйымдардан бөлімнің өз функцияларын іске асыруға қажетті статистикалық және есептік деректерді, басқа материалдар мен мәліметтерді сұратуға және алуға;

      - бұқаралық ақпарат құралдарына бөлімнің қызметі туралы ақпаратты беруге;

      - қажет болған жағдайда кеңестер мен сарапшылар топтарын құруға құқылы.

      2) Міндеттері:

      - ауданның өңірлік әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларын қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;

      - аудан аумағында кәсіпкерліктің, қызмет көрсету саласының және ауыл шаруашылығын дамуының жай-күйін талдау және дамуын болжау;

      - қолданыстағы заңнамаға, мемлекеттік, салалық (секторлық), аймақтық бағдарламаларға сәйкес агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру және тұрғындар қажеттілігін қанағаттандыру үшін ауыл шаруашылық өнімдерінің іске асырылуына жәрдемдесу.

      - Мемлекеттік қызметті тұтынушылардың шағымдары мен өтініштерін қарау болып табылады.

      - "Қызылқоға аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі "www.egov.kz" электрондық үкіметтің веб-порталы және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциалық емес акционерлік қоғамының Атырау облысы бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету бойынша Қызылқоға ауданының бөлімі арқылы 4 қызмет түрі көрсетеді:

      - Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттiк тiркеу;

      - Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды кепiлге қоюды мемлекеттiк тiркеу;

      - Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналарын, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына емтихандар қабылдау және куәлiктер беру;

      - Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық қарап-тексеруден өткiзу;

      15. Функциялары:

      - кәсіпкерліктің, қызмет көрсету саласының және сауданың экономикалық және әлеуметтік дамуына жәрдемдесу;

      - ауданның кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы саласында бәсекеге қабілетті жаңа технологиялар енгізуге жұмыстану;

      - ауданның шағын және орта кәсіпкерлік саласының дамуын талдау және мониторингілеу;

      - тауар өндірушілер мен кәсіпкерлерге арналған ақпараттық жинақтар жасау, тарату;

      -семинарларды, көрме-жәрмеңкелерді, конкурстарды, форумдарды, бизнес кездесулерді ұйымдастыру;

      - халық кәсіпшілігі және қолөнерді дамытуға жәрдемдесу;

      - өңірлік шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау бағдарламаларын әзірлеуді ұйымдастыру;

      - шағын кәсіпкерлік субьектілеріне ғимараттарды, өндірістік үй-жайларды және коммуналдық меншіктегі өзге де мүлікті жеңілдікпен беру арқылы шағын кәсіпкерлік инфрақұрылымын қолдау мен дамыту жөнінде ұсыныстар береді;

      - аудандағы туристік маршруттар мен соқпақтардың тізімін жүргізу;

      - әлеуеметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларына мониторинг жүргізу;

      - мал басын көбейту, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бағытындағы жұмыстарды ұйымдастыру;

      - асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға берілетін субсидияға шаруашылықтардан тапсырылатын құжаттардың облысқа тапсырылуына басшылық жасау;

      - Мемлекеттік (жергілікті) атқарушы органның құзыретіне кіретін мемлекеттік қызмет бөлігінде жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін, Мемлекеттік қызметтер тізіліміне өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      - Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша мемлекеттік қызмет көрсету процесін оңтайландыруды қамтамасыз ету;

      - мемлекеттік орган жұмысының сапасы мен өнімділігін арттыру мақсатында оның қызметінің бағыттары бойынша ішкі қаржылық бақылауды жүзеге асырады;

      - құқықтық қамтамасыз етудегі тапсырмалардың орындалуы бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, нормативтік актілер, бұйрықтар, шешімдер және құқықтық нысандағы басқа да құжаттардың жобаларын дайындайды.

3. Мекеменің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. Мекемені басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      17. Мекеменің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      18. Мекеме бірінші басшысының өкілеттіктері:

      - Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілерін, облыс және аудан әкімдігінің қаулыларын орындау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, жоғары тұрған органдарды олардың орындалу барысы туралы жүйелі түрде ақпарат етеді;

      - бұйрықтарын шығарады;

      - Мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдауына дербес жауапты болады;

      - мемлекеттік органдарда, өзге ұйымдарда Мекеменiң мүддесiн білдіреді;

      - заңнамамен белгіленген жағдайларда және шегінде мүлікке иелік етеді;

      - белгіленген заңнама тәртібінде келісімдер және басқа да заңды мәмілелер жасайды;

      - сенімхаттар береді;

      - Мекеменің актілеріне қол қояды;

      - Мекеменiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметiнен босатады;

      - Мекеме қызметкерлерiнің міндеттері функцияларын анықтайды;

      - Мекеме қызметкерлерiне мадақтау шараларын және тәртіптік жаза қолданады;

      - заңнамамен және осы Ережемен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      Мекеменің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      19. Мекеме аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын мекеме басшысы басқарады.

4. Мекеменің мүлкі

      20. Мекеменің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.

      Мекеменің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      21. Мекемеге бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.

      22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, мекеме өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Мекемені қайта ұйымдастыру және тарату

      23. Мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады