"Федоров ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Федоров ауданының арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы

Жаңа

Қостанай облысы Федоров ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 27 қарашадағы № 206 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 105-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 124-бабына сәйкес Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Федоров ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Федоров ауданының арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы) құрылсын.

      2. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының Жарғысы қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      3. "Федоров ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығын әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуін;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Федоров ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілсін.

      Федоров ауданының әкімі Т. Исабаев

  Әкімдіктің
  2024 жылғы "27" қараша
  № 206 қаулысына
  қосымша

"Федоров ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесінің "Федоров ауданының арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жарғысы

1. Жалпы ережелер

      1. "Федоров ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Федоров ауданының арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Орталық) жедел басқару құқығындағы ұйымдық – құқықтық үлгідегі мемлекеттік кәсіпорынның заңды тұлғасы болып табылады.

      2. Орталық Федоров ауданы әкімдігінің 2024 жылғы "27" қарашадағы № 206 қаулысына сәйкес құрылды.

      3. Орталықтың құрылтайшысы "Федоров ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі болып табылады.

      4. Тиісті саланың уәкілетті органы, сондай-ақ орталықтың мүлкіне қатысты заңды тұлғаның функцияларын жүзеге асыратын орган "Федоров ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) болып табылады.

      5. "Федоров ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Федоров ауданының арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Орталықтың атауы болып табылады.

      6. Орталықтың орналасқан жері: 111900, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Федоров ауданы, Федоров ауылы, Красноармейская көшесі, 53.

2. Орталықтың заңды мәртебесі

      7. Орталық заңды тұлға құқығына ие болып, мемлекеттік тіркелу сәттен бастап құрылған болып саналады.

      8. Орталықтың дербес балансы, заңнамасына сәйкес банктерде шоттары, бланкілер, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы және Орталықтың мемлекеттік және орыс тілдерінде атауы бейнеленген мөрі бар.

      9. Орталық басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай – ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.

      10. Орталық өзінің билігіндегі ақшамен өз міндеттемелері бойынша жауап береді. Ақша жеткіліксіз болған кезде, тиісті бюджет қаражатымен Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік – аумақтық бірлігі субсидарлық жауапкерші болады.

      11. Егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес міндетті түрде мемлекеттік немесе басқа тіркеуіне сәйкес Орталықтың азаматтық – құқықтық мәмілелері тіркелген сәттен бастап жасалған болып табылады.

      Шарттық міндеттемелер бойынша Орталықтың жауапкершілігі тиісті жылға арналған қаржыландыру жоспар шегінде басталады.

      Орталықтың тиісті қаржы жылына арналған бекітілген қаржыландыру жоспарынан артық міндеттемелерін қабылдауға жол берілмейді.

3. Орталық қызметінің мәні мен мақсаттары

      12. Өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға (отбасыларға) арнайы әлеуметтік қызметтер ұсыну Орталқ қызметінің мәні болып табылады.

      Арнаулы әлеуметтік қызметтер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген тәртіппен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарына сәйкес беріледі.

      13. Орталық жалғыз қарттарға, еңбекке қабілетсіз адамдарға, мүгедектігі бар адамдарға, оның ішінде мүгедектігі бар балаларға, басқа адамның күтіміне мұқтаж және көмек, және басқа да халықтың әлеуметтік осал топтарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін құрылған .

      14. Қойылған мақсаттарды іске асыру үшін Орталық мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

      1) Тұрғылықты жері бойынша үйде, күндізгі уақытта азаматтардың (бұдан әрі - қызмет алушылар) мынадай санаттарына арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік көлемін көрсету:

      - психоневрологиялық патологиясы бар мүгедектігі бар балаларға;

      - тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балаларға;

      - 18 жастан асқан психоневрологиялық патологиясы бар мүгедектігі бар адамдарға;

      - екінші және үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға;

      - Әлеуметтік кодексте белгіленген зейнеткерлік жасқа толған, өзін өзі күтуге қабілетсіз қарт адамдарға;

      2) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау.

      15. Арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушылар уәкілетті органының шешімі және жолдамасы бойынша қызметке қабылданады.

      16. Осы Жарғыда бекітілген Орталық қызметінің мәні мен мақсатына жауап бермейтін мәмілелер жасауға, сондай – ақ қызметті жүзеге асыруға құқылы емес.

      17. Орталықтың қызметтің мақсаттарына қарама-қайшы, Қазақстан Республикасының шектеулі заңдарында немесе құрылтай құжаттарында не басшының жарғылық құзыретін бұза отырып жасалған мәміле, уәкілетті органының, немесе прокурордың талабы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.

      18. Орталықтың жарғылық емес қызметіне бағытталған басшының әрекеттері еңбек міндеттерін бұзу болып табылады және тәртіптік, материалдық жауапкершілігіне әкеп соғады.

4. Орталықты басқару

      19. Орталықтың жалпы басқаруын уәкілетті органы жүзеге асырады.

      20. Уәкілетті орган:

      1) Орталықтың атына мүлік бекітіп береді;

      2) кәсіпорынды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешімдер қабылдайды;

      3) Орталықтың қаржыландыру жоспарларын және олардың орындалуы туралы есептерді қарайды, үйлестіреді және бекітеді;

      4) Орталықтың жарғысын бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді не жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, коммуналдық мүлікті басқаруға уәкілетті атқарушы органға уәкілеттік береді;

      5) Орталықтың басқару органдарының құрылымын, құрылу тәртібін және өкілеттік мерзімін, Орталықтың шешімдер қабылдау тәртібін айқындайды;

      6) Орталықтың құрылымы мен штат кестесін бекітеді;

      7) Орталықтың қаржыландыру жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;

      8) Орталықтың жылдық қаржылық есептерін бекітеді;

      9) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға өзінің шаруашылық қызметі нәтижесінде өзі берген немесе сатып алған мүлікті алып қоюға немесе қайта бөлуге келісім береді;

      10) Орталыққа берілген мүліктің тиімді пайдаланылуы мен сақталуына бақылауды жүзеге асырады;

      11) осы Жарғыда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында өзіне жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      21. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті орган басшыны қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      22. Бөлім басшысы мекеменің жұмысын ұйымдастырады және басқарады, уәкілетті органға тікелей бағынады және Орталық міндеттерді және өзінің функцияларына дербес жауапкершілік жүктелуін жүзеге асырады;

      23. Орталықтың басшысы қаржылық-шаруашылық қызметіне және кәсіпорынның мүлкінің сақталуына дербес жауапты болады.

      24. Орталықтың басшысы дара басшылық қағидаттарында әрекет етеді және Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Жарғымен анықталатын оның құзыретіне сәйкес қызметінің барлық мәселелерін дербес шешеді.

      25. Басшы:

      1) Орталықтың атынан сенімхатсыз әрекет етеді, және оның мүддесін барлық органдарда білдіреді;

      2) шарттар жасасады және өзге де мәмілелер жасайды;

      3) Орталықтың іссапарлар, тағылымдамалар, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында және қызметкерлердің біліктілігін көтерудің өзге түрлерінен тәртібі мен жоспарларын бекітеді;

      4) сенімхаттар береді;

      5) банктік шоттарды ашады;

      6) Орталықтың барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      7) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес Орталық қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;

      8) Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Жарғымен белгіленген тәртіппен қызметкерлердің көтермелеу шараларын және тәртіптік жаза қолданады;

      9) Орталықтың ішкі еңбек тәртібінің ережелерін бекітеді;

      10) Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы жарғымен және уәкілетті органдармен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

5. Орталық мүлкінің құрылу тәртібі

      26. Орталықтың мүлкін заңды тұлғаның активтері құрайды, оның құны өзінің балансында көрсетіледі. Орталықтың мүлкі мыналардың есебінен қалыптасады:

      1) оған меншік иесі берген мүліктен;

      2) Қазақстан Республикасы заңдарында тыйым салынбаған өзге де көздерден.

      27. Орталық өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге, оларға қаражат есебінен смета бойынша сатып алынған мүлікті бөлуге құқығы жоқ.

      28. Егер заң құжаттарында өзгеше белгіленбесе, Орталықтың қызметін қаржыландыру жергілікті (аудандық) бюджет есебінен ғана жүзеге асырылады.

      Орталық өз қызметін жүзеге асыру үшін арнайы шотқа өтеусіз қайырымдылық көмек ала алады.

      29. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, Орталық бухгалтерлік есеп жүргізеді және есептілік береді.

6. Орталықтағы жұмыс тәртібі.

      30. Орталықтың жұмыс режимі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

7. Құрылтай құжаттарына өзгерістер және толықтырулар енгізу тәртібі

      31. Орталықтың құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша жүзеге асырылады, жәңе "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес аумақтық әділет органдарында тіркеледі.

8. Орталықтың қайта ұйымдастыру және тарату шарттары

      32. Орталықты қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады