"Әулиекөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 1 ақпандағы № 28 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 7 ақпандағы № 31 қаулысы

      Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Әулиекөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Әулиекөл ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 1 ақпандағы № 28 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      "Әулиекөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереженің 15-тармағының 2-тарауы 13) тармақшамен толықтырылсын:

      "13) Азаматтарды тіл қағидаты бойынша кемсітушілікке жол бермеу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді".

      2. "Әулиекөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) аумақтық әділет органында енгізілген өзгерістерді тіркеу;

      2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулыны Әулиекөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыру.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әулиекөл ауданының әкімі Ж. Таукенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады