Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 365-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 377 "Халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24382 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Алакөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алакөл ауданында тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге (кәдеге жарату мен қайта өңдеуді есепке алмағанда) арналған тарифтер осы шешімнің 1, 2 қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алакөл ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Алакөл аудандық мәслихатының төрағасы | Д.Е. Каримов |
| Алакөл аудандық мәслихатының 2024 жылғы "3" мамырдағы № 30-3 шешіміне №1 қосымша |
Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтер Алакөл ауданындағы жеке тұлғалар үшін (кәдеге жарату және қайта өңдеуді есепке алмағанда)
№ | Атауы | Есептеу бірлігі | Бағасы ай (тенге) |
1 | Қосымша құн салығын есепке алмағанда, абаттандырылған үй-жайлардың тұрғындары үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тариф | 1 тұрғын | 279 |
2 | Абаттандырылмаған үй-жайлардың тұрғындары үшін қосымша құн салығын есепке алмағанда тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тариф | 1 тұрғын | 263,59 |
| Алакөл аудандық мәслихатының 2024 жылғы "3" мамырдағы № 30-3 шешіміне №2 қосымша |
Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтер Алакөл ауданындағы заңды тұлғалар үшін (кәдеге жарату мен қайта өңдеуді есепке алмағанда)
№ | Атауы | Есептеу бірлігі | Тариф, теңге |
| Қосылған құн салығын есепке алмағанда, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тариф | 1 м3 | 1540,49 |
