Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабының 8-тармағына сәйкес, Ұлытау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Ұлытау облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру және жылумен жабдықтау бойынша көрсетілетін коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту туралы"Ұлытау облысы әкімдігінің 2024 жылғы 20 қарашадағы №82/02 қаулысының күші жойылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Ұлытау облысының әкімі | Д. Рыспеков |
