"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 12 мамырдағы қорытындысы негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Түймекент ауылдық округінің әкіміШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 1. Байзақ ауданы Түймекент ауылдық округінің Түймекент ауылының келесі құрамдас бөліктері қайта аталсын:
Александр Нахманович тұйық көшесін Ғазиз Байтасов тұйық көшесіне;
Әтіркүл Дүкенбайқызы тұйық көшесін Ақжүрек тұйық көшесіне;
Әтіркүл Дүкенбайқызы 1-тұйық көшесін Достық тұйық көшесіне;
Байзақ батыр тұйық көшесін Ынтымақ тұйық көшесіне;
Дінмұхаммед Қонаев 1- тұйық көшесін Жібек жолы тұйық көшесіне;
Тұрар Кәрімбеков тұйық көшесін Көктем тұйық көшесіне;
Шаймерден Есботаұлы тұйық көшесін Тәуелсіздік тұйық көшесіне;
Шаймерден Есботаұлы 1-тұйық көшесін Бірлік тұйық көшесіне.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Түймекент ауылдық округінің әкімі | К. Смагулов |
