Қазақстан Республикасының Экология Кодексінің 365-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Сырым аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сырым ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Мәслихат төрағасы | Ш. Дуйсенгалиева |
| шешіміне қосымша |
Сырым ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер | Есептік бірлік | Коммуналдық қалдықтардың жиналған жылдық шамасы, м3 |
1 | Жайлы емес үйлер | 1 тұрғын | 1,18 |
2 | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтары | 1 орын | 0,55 |
3 | Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | 1 орын | 0,68 |
4 | Балабақшалар, бөбекжай және басқа да мектепке дейінгі мекемелер | 1 орын | 0,30 |
5 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 0,65 |
6 | Емханалар, медициналық орталықтар | 1 келіп кету | 0,003 |
7 | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 1,0 |
8 | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,15 |
9 | Мейрамханалар, кафелер, басқа да ойын-сауық орындары мен қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын | 0,12 |
10 | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы, интернет-кафелер, компьютерлік клубтар | 1 отыратын орын | 0,20 |
11 | Мұражайлар, көрмелер | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,07 |
12 | Стадиондар, спорт алаңдары | Жоба бойынша 1 орын | 0,06 |
13 | Спорт, би және ойын залдары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,04 |
14 | Азық-түлік және өнеркәсіп-тауар дүкендері, аралас дүкендер | сауда алаңы 1 м2 | 0,25 |
15 | Машиналардан сату | Сауда орнының 1 м2 | - |
16 | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | Сауда алаңы 1 м2 | 0,25 |
17 | Азық-түлік, өнер кәсіптік тауарларының көтерме базалары, қоймалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,08 |
18 | Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,09 |
19 | Вокзалдар, авто вокзалдар, әуежайлар | Жалпы алаңы 1 м2 | - |
20 | Жағажайлар, жолдардан көше сыпырындысы | Жалпы алаңы 1 м2 | - |
21 | Дәріханалар | Сауда алаңы 1 м2 | 0,7 |
22 | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС | 1 машина-орын | 1,35 |
23 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 1,27 |
24 | Гараж кооперативтері, гараждар, паркингтер | 1 гаражға | - |
25 | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 1,45 |
26 | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,17 |
27 | Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,40 |
28 | Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар.) | 1 жұмыс орны | 1,18 |
29 | Моншалар, сауналар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,12 |
30 | Қаланың аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар | 1000 қатысушы | 0,16 |
31 | Бау-бақша кооперативтері | 1 учаске | - |
