Қазақстан Республикасы "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес Бөрлі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Бөрлі аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Мәслихат төрағасы | К.Ермекбаев |
| Бөрлі аудандық мәслихатының 2023 жылғы 8 қарашадағы № 8-6 шешіміне қосымша |
1. Бөрлі аудандық мәслихатының 2018 жылғы 28 наурыздағы № 22-6 "Бөрлі аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 15-5 шешімі.
2. Бөрлі аудандық мәслихатының 2018 жылғы 28 наурыздағы №22-6 "Бөрлі аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы 2023 жылғы 21 сәуірдегі № 2-24 шешімі.
3. "Бөрлі аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" Бөрлі аудандық мәслихатының 2018 жылғы 28 наурыздағы № 22-6 шешіміне өзгеріс енгізу туралы 2023 жылғы 2 тамыздағы № 5-5 шешімі
