Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес, Шығыс Қазақстан облыстық ономастикалық комиссиясының 2021 жылғы 11 маусымдағы қорытындысы негізінде, Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының Глубокое кенті тұрғындарының пікірін ескере отырып, ШЕШТІМ:
1. Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Глубокое кентінің келесі құрамдас бөліктері қайта аталсын:
Краснооктябрьская көшесі Қабанбай батыр көшесіне;
Красноармейская көшесі Құрманғазы көшесіне;
Нагорная көшесі Райымбек батыр көшесіне.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Глубокое кенті әкімі | Асанов Р. А. |
