Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 365-бабы, 3-тармағының, 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Риддер қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Риддер қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Риддер қалалық мәслихатының төрағасы | Е. Нужных |
| Риддер қалалық мәслихатының "06" қыркүйек 2023 жыл № 7/3 - VIII шешіміне қосымша |
Риддер қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№ | Коммуналдық қалдықтарды жинақтау объектісі | Есептік бірлік | 1 есептік бірлікке жылдық норма, м3 (текше метр) |
1 | Жайлы және жайлы емес үйлер | 1 тұрғын | 1,96 |
2 | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар | 1 орын | 1,2 |
3 | Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | 1 орын | 1,17 |
4 | Балабақшалар, бөбекжайлар және басқа да мектепке дейінгі мекемелер | 1 орын | 0,49 |
5 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 1,62 |
6 | Емханалар, медициналық орталықтар | 1 келіп кету | 0,59 |
7 | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 6,00 |
8 | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,41 |
9 | Мейрамханалар, дәмханалар, басқада көніл көтеретін ғимараттар және қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын | 2,31 |
10 | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы, интернет-кафелер, компьютерлік клубтар | 1 отыратын орын | 0,32 |
11 | Мұражайлар, көрмелер | Жалпы аудаңы1 м2 | 0,022 |
12 | Стадиондар, спорт алаңдары | Жоба бойынша 1 орын | - |
13 | Спорт, би және ойын залдары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,036 |
14 | Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер | Сауда алаңы 1 м2 | 1,08 |
15 | Машиналардан сату | Сауда орнының 1 м2 | - |
16 | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | Сауда алаңы 1 м2 | 0,74 |
17 | Өнеркәсіптік, азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,27 |
18 | Тұрмыстық қызмет корсету үйі: халыққа қызмет көрсету | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,39 |
19 | Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,08 |
20 | Жағажайлар, жолдардан көше сметалары | Жалпы алаңы 1 м2 | - |
21 | Дәріханалар | Сауда алаңы 1 м2 | 0,49 |
22 | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС | 1 машина-орын | 0,63 |
23 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 1,30 |
24 | Гараж кооперативтері, гараждар, паркингтер | 1 гаражға | - |
25 | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 1,64 |
26 | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,05 |
27 | Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,29 |
28 | Кішігірім жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар) | 1 жұмыс орны | 5,21 |
29 | Моншалар, сауналар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,13 |
30 | Қала аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды, саябақ қалдықтары | 1000 қатысушы | 1,43 |
31 | Бау-бақша кооперативтері | 1 учаске | - |
