Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 35-бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңы 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес, Аққайың ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың 2023 жылғы 6 қазандағы № 08-02/771 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Тоқшын ауылдық округі Камышлово ауылында брюцеллез ауруын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешенінің аяқталуына байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Тоқшын ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 5 маусымдағы № 10 "Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайың ауданы, Тоқшын ауылдық округі, Камышлово ауылында ірі қара малдың бруцеллезі бойынша шектеу іс-шараларын енгізуге байланысты ветеринариялық режимін белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізледі.
| Округ әкімі | Б.М. Имантаев |
