Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасынының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Чернорецк ауылдық округі Чернорецк ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2023 жылғы 30 мамырдағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Чернорецк ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Павлодар ауданы Чернорецк ауылдық округі Чернорецк ауылының келесі көшелері:
"Ленин" көшесі "Сәкен Сейфуллин" көшесі болып;
"Советов" көшесі "Ахмет Байтұрсынұлы" көшесі болып;
"Тургенев" көшесі "Тәуелсіздік" көшесі болып;
"Комсомольская" көшесі "Қаныш Сәтбаев" көшесі болып;
"Лермонтов" көшесі "Дінмұхамед Қонаев" көшесі болып қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Чернорецк ауылдық округінің әкімі | С. Омаров |
