Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2–тармағына сәйкес, Павлодар қаласы Ленин кенті тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2023 жылғы 23 қарашадағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде Ленин кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Павлодар қаласы Ленин кентінің келесі көшелері:
"Комарова" көшесін - "Шәмші Қалдаяқов" көшесі,
"Космонавтов" көшесін - "Ғарышкер" көшесі,
"Макаренко" көшесін - "Ахмет Байтұрсынұлы" көшесі,
"Шаталова" көшесін - "Әбілқайыр Баймолдин" көшесі,
"Водителя" көшесін - "Сығанақ" көшесі,
"Западная" көшесін - "Тараз" көшесі,
"Крылова" көшесін - "Алтын сақа" көшесі деп қайта аталсын.
2. Осы шешімінің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Ленин кенті әкімінің міндет атқарушы | М. Дюсембекова |
