"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Лақалы ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 18 тамыздағы қорытындысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Тасарық ауылдық округі Лақалы ауылының атауы жоқ көшелеріне келесі атаулар берілсін:
№ 1 атауы жоқ көшесіне Сәрсенбай Жамбылов көшесі;
№ 2 атауы жоқ көшесіне Өтепәлі Меденеев көшесі;
№ 3 атауы жоқ көшесіне Шәки Мәмбетов көшесі.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Тасарық ауылдық округінің әкімі | А.Карибаев |
