"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ халыққа қызмет көрсету бөлімдері арқылы және 1414 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлiгiнің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті Төрағасының м.а. 2023 жылғы 13 қыркүйектегі № 400/НҚ бұйрығы.

      Қазақстан Республикасы "Мемлекеттік қызметтер туралы" Заңының 9-1 бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ Халыққа қызмет көрсету бөлімдері арқылы, сондай-ақ 1414 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы көрсетілетін қызметтерінің тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік қызметтер комитеті:

      1) Осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      2) осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" ШЖҚ РМК-ға жіберілсін;

      3) Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсыну.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті төрағасының орынбасарларына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Төрағаның м.а А. Ныгыметоллина

  Бұйрығына
1-қосымша

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ қызметкерлері орындайтын халыққа қызмет көрсету бөлімдері арқылы көрсетілетін жұмыстардың тізбесі

№ р/с

Қызметтердің атауы

1

Ресепшінде консультация беру және құжаттардың толықтығын тексеру

2

Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдау, оның ішінде жолданымдарды қабылдау

3

Мемлекеттік қызмет нәтижесін беру

4

Өтініштерді қабылдау және беру бойынша тізілімдерді қалыптастыру (жинақтаушы сектор)

5

Организм функциялары тұрақты бұзылған денсаулығы адамдарға үйіне барып мемлекеттік қызмет көрсету

6

Мобильді ХҚКО арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету

7

Өзіне өзі қызмет көрсету секторында консультациялық көмек көрсету

8

Жол қозғалысы теориясы бойынша тестілеуден өту кезінде консультация беру

9

Автоматтандырылған электрондық алаңда практиқалық емтихан тапсыру кезінде консультация беру

  Бұйрығына
2-қосымша

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ қызметкерлері орындайтын Бірыңғай байланыс орталығы арқылы көрсетілетін қызметтер тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді – ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті Төрағасының 15.12.2025 № 656/НҚ бұйрығымен.

№ р/с

Қызметтердің атауы

1.

Дауыстық кеңес беру қызметтері (кіріс қоңыраулар)

2.

Дауыстық кеңес беру қызметтері (шығыс қоңыраулар)

3.

Алып тасталды – ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті Төрағасының 15.12.2025 № 656/НҚ бұйрығымен.

4.

Дауыстық емес кеңес беру қызметтері

5.

Алып тасталды – ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті Төрағасының 15.12.2025 № 656/НҚ бұйрығымен.

6.

Консультациялық қызметтер көрсету, одан әрі техникалық қолдауға тіркеу

7.

"Бейнеқоңырау" сервисі арқылы консультациялық қызметтер көрсету

8.

Алып тасталды – ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті Төрағасының 15.12.2025 № 656/НҚ бұйрығымен.

9.

Алып тасталды – ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті Төрағасының 15.12.2025 № 656/НҚ бұйрығымен.

10.

Консультациялық қызметтер көрсету, одан әрі "Үйге бару" қызметін алуға өтінімдерді тіркеу

11.

Консультациялық қызметтер көрсету, одан әрі "Шағым", "Пікір" санаттары бойынша өтініштерді тіркеу

12.

Алып тасталды – ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті Төрағасының 15.12.2025 № 656/НҚ бұйрығымен.

13.

Әкімшілік органдарға коммерциялық негізде байланыс орталығының қызметтерін ұсыну

14.

Техникалық сүйемелдей отырып, 1414 нөміріне өтеулі негізде қолжетімділік беру

15.

Қоңырауларды қабылдау үшін байланыс орталығы жүйесіне өтеулі негізде қолжетімділік беру)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады