Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Ақмола облысында ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бекіту туралы" Ақмола облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 наурыздағы № 7С-2-6 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8394 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Ақмола облысында ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларында:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю және айдап өту жерлерін айқындау кезінде жануарлар дүниесі объектілерінің мекендеу ортасын және көбею жағдайларын, жануарлардың қоныс аудару жолдары мен шоғырлану орындарын сақтау жөніндегі іс-шаралар көзделеді және жүзеге асырылады, сондай-ақ "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 1-тармағына сәйкес жабайы жануарлардың мекендеу ортасы ретінде ерекше құнды учаскелерге қол сұғылмаушылық қамтамасыз етіледі.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Ақмола облыстық мәслихаты төрағасының міндетін атқарушы |
А.Балташева |
