Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Кентау қаласы әкiмдігінiң 29.09.2023 № 290 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9 -бабының 7) тармақшасына сәйкес Кентау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Меншік түріне және меншіктің ұйымдаструшылық – құқықтық нысанына қарамастан ұйымдарда жұмыс орындарына квота белгіленсін:
1) Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін;
2) Бас бостандығынан айыру орындарынан адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес белгіленсін;
3) Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес белгіленсін;
4) Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. "Кентау қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуін:
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Кентау қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Ғ.Үсенбаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қала әкімі Ж.Тасов |
| Кентау қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 612 қаулысына 1-қосымша |
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота
№ | Ұйымның атауы | Ұйымдағы жұмысшылардың тізімдік саны, адам | Жұмыскерлердің тізімдік санынан пайыздық мәндегі квота мөлшері | Жұмыс орындарының саны |
1 | Кентау қаласы әкімдігі тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің "Кентау сервис" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын | 397 | 0,75% | 1 |
| Кентау қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 612 қаулысына 2-қосымша |
Бас бостандығынан айыру орындарынан адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына
№ | Ұйымның атауы | Ұйымдағы жұмысшылардың тізімдік саны, адам | Жұмыскерлердің тізімдік санынан пайыздық мәндегі квота мөлшері | Жұмыс орындарының саны |
1 | Кентау қаласы әкімдігі тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің "Ащысай су" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын | 175 | 0,57% | 1 |
2 | Кентау қаласы әкімдігі тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің "Кентау сервис" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын | 397 | 0,75% | 1 |
| Кентау қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 612 қаулысына 3-қосымша |
Ата-анасынан кәмілеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы
№ | Ұйымның атауы | Ұйымдағы жұмысшылардың тізімдік саны, адам | Жұмыскерлердің тізімдік санынан пайыздық мәндегі квота мөлшері | Жұмыс орындарының саны |
1 | Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының "Кентау көпсалалы колледжі" комуналдық қазыналық кәсіпорын | 138 | 0,72% | 1 |
| Кентау қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 612 қаулысына 4-қосымша |
Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы
№ | Ұйымның атауы | Ұйымдағы жұмысшылардың тізімдік саны, адам | Жұмыскерлердің тізімдік санынан пайыздық мәндегі квота мөлшері | Жұмыс орындарының саны |
1 | Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Кентау қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Ю.Гагарин атындағы № 16 мектеп-лицей" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын | 157 | 0,63% | 1 |
