"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына және Қызылорда облысы әкімдігі жанындағы консультациялық-кеңесші орган отырысының 2022 жылғы 28 қыркүйектегі хаттамасына сәйкес, Жаңақорған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 6 желтоқсандағы "2022 жылға жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" № 527 қаулысына келесі толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулының 3-қосымшасындағы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2022 жылға арналған жұмыс орындарының квотасы белгіленетін ұйымдардың тізбесі осы қаулының қосымшасындағы тізбеге сәйкес 7, 8, 9 жолдармен толықтырылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің осы салаға жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Жаңақорған ауданының әкімі | М. Тлеумбетов |
| Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2022 жылғы "14" қазандағы № 778 қаулысына қосымша |
Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 6 желтоқсандағы "2022 жылға жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" № 527 қаулысына енгізілетін толықтырулар
7 | "Тоқсанбай" шаруа қожалығы | 10 | 2 | 1 |
8 | "Сәмідін" шаруа қожалығы | 10 | 2 | 1 |
9 | "Жер-Мұра" шаруа қожалығы | 12 | 2 | 1 |
