Шахтинск қаласы прокурорының 2022 жылғы 29 қарашадағы № 2-0811-22-01947 наразылығын қарастырып, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі №590 "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қаулысына сәйкес Шахтинск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шахтинск қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 5 мамырдағы № 24/06 қаулысымен бекітілген "Шахтинск қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы қаулысына өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Шахтинск қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесінде:
14-тармақтың 7) тармақшасы алып тасталсын;
14-тармақтың 22) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
"22) шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану мониторингін жүргізу";
14-тармақтың 23) тармақшасы алып тасталсын.
2. "Шахтинск қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (Ч.Р. Калуетова):
1) қаулысының аумақтық әділет органдарында тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдансын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары Н.А.Мажитовке жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Шахтинск қаласының әкімі | М. Кыдырганбеков |
