Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес Біржан сал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Біржан сал ауданының Степняк қаласына және ауылдарына бірыңғай сәулет келбетін беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Біржан сал ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 14 қаңтардағы № а-1/2 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Біржан сал ауданы әкімінің орынбасары К.Д. Шаймерденовке жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | Д.Есжанов |
