Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442-II Жер кодексінің 18-бабы 5 тармағының 1-тармақшасына және 69-бабы 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1 тармағының 10) тармақшасына және 31-бабына сәйкес, "Caspi Petrochemical Trade" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының хатын негізге ала отырып, Атырау қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Caspi Petrochemical Trade" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (130640015134) композициялық материалдар мен пластмасса зауытына газ құбыры құрылысын салу және пайдалану үшін жер пайдаланушылардан және меншік иелерінен жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарусыз Зейнолла Қабдолов көшесі, № 8 құрылыс мекенжайында орналасқан ұзындығы 902 метр жер учаскесіне 25 жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Е.Умаровқа жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Ш. Кейкин |