1. Қурайлы ауылдық округі әкімінің 2015 жылдың 23 қазандағы № 2 "Өрлеу ауылында орналасқан "Заречье-Иман" шаруа қожалығы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4557 санымен тіркелген, 2015 жылғы 26 қарашадағы № 154-155 "Ақтөбе" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Ақтөбе қаласының Қурайлы ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ әкімінің орынбасары А. Сүгірбаевқа жүктелсін.
| Қурайлы ауылдық округінің әкімі | М. Тұрмағамбетова |
