1. Ерейментау ауданының Тайбай ауылдық округі аумағындағы шектеу іс-шаралары алынсын.
2. Тайбай ауылдық округі әкімінің "Ерейментау ауданының Тайбай ауылдық округі Тайбай ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2014 жылғы 04 маусымдағы № 4 шешімінің (№ 4224 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізімінде тіркелген, "Ереймен"-"Ерейментау" газеттерінде 2014 жылғы 14 маусымда жарияланды) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
| Тайбай ауылдық округі әкімі | Ж.Жаншуаков |
