Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Тамақ дайындауға және шаруашылық-тұрмыстық қажеттілік үшін су жылытуға табиғи газды тұтыну мөлшері туралы" Жамбыл облысы әкімінің 2002 жылғы 24 желтоқсандағы №220 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №851 болып тіркелген, 2003 жылғы 6 наурыздағы "Ақ Жол" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. "Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімдерде осы шешімнің 1-тармағында көрсетілген нормативтiк құқықтық актінің күшi жойылды деп танылғаны жөнінде әдiлет органдарына және ресми жариялау көздеріне хабарлауды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Б.Орынбековке жүктелсін.
| Облыс әкімі | К. Көкрекбаев |
